02.06.2011, 16:32 3894

Астана мен Атырау арасына жаңа бағыттағы поезд жүре бастады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ вице-президенті Талғат Лесовтың айтуынша, бұрындары Атырау облысының тұрғындары Астанаға жету үшін екі прицепті вагондармен жүруге, Ақтөбе облысындағы Қандыағаш станциясында бірнеше сағаттап тұруға мәжүбір болатын. Енді тікелей Астана-Атырау бағыты бойынша жүру уақыты 42 сағаттан 34 сағатқа қысқарды.

Атырау. 2 - маусым. Kazakhstan Today - "Жолаушылар тасымалы" АҚ Астана мен Атырау арасына жаңа бағытта поезд жүргізе бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ вице-президенті Талғат Лесовтың айтуынша, бұрындары Атырау облысының тұрғындары Астанаға жету үшін екі прицепті вагондармен жүруге, Ақтөбе облысындағы Қандыағаш станциясында бірнеше сағаттап тұруға мәжүбір болатын. Енді тікелей Астана-Атырау бағыты бойынша жүру уақыты 42 сағаттан 34 сағатқа қысқарды. Сонымен қатар, орындар саны да өскен: "Каспий" деген атауы бар №№47-48 жаңа жолаушылар поездінің құрамында жеті купелі вагон, төрт плацкартты вагон және мейрамхана вагоны бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны