07.07.2015, 12:28 3624

"Астана" өӊірлік қолбасшылығыныӊ офицерлері қарағандылық батырды құттықтады

Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығын мерекелеу қарсаӊында қазақстандық ардагерлерге құрмет көрсету және оларды жан-жақты қолдау Қарулы Күштердіӊ басты назарында болып отыр. Осы орайда батыр отандастарымызды мерейтоймен құттықтау ҚР ҚК әскери қызметшілері арасында дәстүрге айналды

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығын мерекелеу қарсаӊында қазақстандық ардагерлерге құрмет көрсету және оларды жан-жақты қолдау Қарулы Күштердіӊ басты назарында болып отыр. Осы орайда батыр отандастарымызды мерейтоймен құттықтау ҚР ҚК әскери қызметшілері арасында дәстүрге айналды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қарулы Күштердегі бұл тамаша дәстүр үстіміздегі жылдыӊ қаӊтар айынан басталды. Жуырда оған "Астана" өӊірлік қолбасшылығыныӊ әскери қызметшілері қосылды. Олар ҰОС қарт ардагерлерініӊ бірі Қарағанды қаласыныӊ тұрғыны Қамали Дүйсембековты 92 жасқа толуымен құттықтады.

"Астана" өӊірлік қолбасшылығы әскерлерініӊ қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Қамалетдинов батыр қазақстандықты жасаған ерлігі үшін, сұрапыл соғыс жылдарындағы ауыртпалықтар мен жоқшылықтарды көтергені үшін, Ұлы Жеӊіс үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

"Ардагерлерді есте сақтау, олардыӊ ерлігі, айбыны мен абыройы туралы тарихты өскелеӊ буынға айтып беру - біздіӊ міндетіміз. Біз майдангер жауынгерлеріміздіӊ әскери дәстүрін жалғастыра отырып, ата-бабамыздыӊ қанымен келген бейбітшілік пен бостандықты сақтап қаламыз" - деп әскери қызметшілер атап өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қамали Дүйсембеков өзініӊ артиллерист кезіндегі жауынгерлік жолын, соғыс пен көптен күткен және ардақты жеӊісі туралы әӊгімелеп берді. Ұрыс даласында көрсеткен батылдығы, қаһармандығы және ерлігі үшін "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы" және "Қызыл жұлдыз" ордендерімен наградталған.

"Біз қиын кезеӊде әскерде болдық. Шайқас алаӊында өткізген күндер мен түндер меніӊ есімде мәӊгі сақталды. Жан түршігерлік соғыс ешкімді аяған жоқ. Осынау сынақтардан өткеннен кейін мен бейбітшілікті сақтаудыӊ маӊыздылығын түсінемін", - деді ардагер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны