10.02.2017, 20:53 6280

"Астана Опера" театрында Жібектіӊ партиясын орындау мүмкіндігі жас орындаушыға бұйырды

"Астана Опера" театрында Жібектіӊ партиясын орындаушы анықталды. Ұлттық алтын қорға енген Е.Брусиловскийдіӊ "Қыз Жібек" операсы 10 және 11 ақпан күндері театрдыӊ Үлкен залында сахналанады.

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - "Астана Опера" театрында Жібектіӊ партиясын орындаушы анықталды. Ұлттық алтын қорға енген Е.Брусиловскийдіӊ "Қыз Жібек" операсы 10 және 11 ақпан күндері театрдыӊ Үлкен залында сахналанады.

Жібектіӊ рөліне көп әнші бағын сынап көрді. Міне, енді таӊдау жасалды, тұсаукесер күні тыӊдарман жас орындаушыны - болашағынан зор үміт күттіретін Қазақ ұлттық өнер университетініӊ шәкірті Назым Сағынтайды тамашалайды. Ол көптеген беделді халықаралық байқаулардыӊ жеӊімпазы, ірі концерттік бағдарламалардыӊ қатысушысы. Аталған партияны сондай-ақ опера прималары - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген әртісі Жаннат Бақтай және Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Салтанат Ахметова орындайды.

- Бұл меніӊ "Астана Опера" театрындағы бас партияны еӊ алғаш орындауым. Жібек партиясы меніӊ мінезіме де жақын. Өкінішке орай, нәзік қазақ қызыныӊ тағдыры қайғылы аяқталады. Идемі, бірақ драмалық оқиға адам үшін басты құндылықтар - махаббат, мейірімділік, қайырымдылық жайлы ойға еріксіз жетелейді, - дейді Назым Сағынтай.

Төлеген партиясын Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Медет Шотабаев және Мейір Бәйнешов, сондай-ақ Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Жан Тәпин сомдамақшы. Бекежанныӊ рөлін Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Сүндет Байғожин және Талғат Ғалеев орындайды.

Назым Сағынтай мен Салтанат Ахметова бұл партияны алғашқы рет орындаса, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген әртісі Жаннат Бақтай Жібектіӊбейнесін бұған дейін бірнеше рет сомдап үлгерді.

- Инші үшін өз шеберлігін көрсете алу өте маӊызды. Образға жан-тәніӊмен еніп, кейіпкеріӊді жақсы көргенде ғана ұтымды партия шығады. Жібектіӊ бейнесін жеткізу өте қиын, өйткені ол бір жағынан қарапайым қыз болса, екінші жағынан - ерекше қабілетті. Оныӊ сахнаға шығуы - ғажап, ол өн бойынан бақ-береке мен мейірімділік ескен жан. Тағы бір маӊызды сәт: корольдіӊ образын көрсету үшін,маӊайындағынөкерлері жарқырап, салмақ беріп тұруыкерек. Мұнда да сол: Жібектіӊ айналасы қандай болса, бас кейіпкер жайлы тура сондай пікір қалыптасады. Қоюшы режиссер үлкен жұмыс жасады. Барлық әртіскеонымен дайындалған өте қызық, репетиция кезіндегі атмосферажайлы, қойылым кезіндеәнші үшін қол қусырғаннан асқан жаман нәрсе жоқ. Кейіпкерлердіӊ бейнесі керемет ашылып, қойылымныӊ өте әсерлі болатынына сенімдімін. Режиссер М.Панджавидзеніӊ қойылымға дайындығы шеберлікті шыӊдайды. Жас әншілер үшін,бұл опера өнері мэтрініӊ таптырмас шеберлік сабағы. Жоғарі білікті кәсіби маманмен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болған бәріміздіӊ жолымыз болды деп ойлаймын, - дейді Жаннат Бақтай.

Операныӊ либреттосын Жібек пен Төлегенніӊ трагедиялық махаббаты жайлы аттас халықтық лиро-эпостық поэманыӊ желісімен аса көрнекті драматург әрі жазушы Ғабит Мүсірепов жазған.Дәрежелері әртүрлі екі әлеуметтік тап өкілініӊ трагедиялық махаббаты жайлы өлеӊ жолдарынан көшпенді қазақтыӊ рухани өмірі, ойы мен арманы көрініс табады.

Музыкалық жетекші және қоюшыдирижер - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Абзал Мұхитдинов. Қоюшырежиссер - Михаил Панджавидзе (Беларусь). Режиссердіӊ ассистенті - Еренбақ Тойкенов, кеӊесші -PhDдокторы, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Асқат Майемеров. Қоюшысуретшілер - Софья Тасмағамбетова / Павел Драгунов. Хормейстер - Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Ержан Дәуітов. Қоюшыбалетмейстер - Мукарам Авахри. Кескіндер бойынша суретші - Павел Суворов (Ресей). Жарық бойынша суретші - Сергей Шевченко (Ресей).

Қойылымдар - 10 ақпанда 19:00, 11 ақпанда 18:00. Билетті театр сайтынан немесе кассадан алуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны