21.06.2012, 15:04 3415

Астана тұрғындары 755 мың адамнан асты

"Статистикалық мәліметтерге қарағанда, елорда халқының саны жыл басынан бері 12 426 адамға көбейді. Онда әйелдердің үлесі - 51,62%, ал ерлер 48,37% құрады",- деп жазылған хабарламада.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Астана тұрғындары 755 мың адамнан асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Статистикалық мәліметтерге қарағанда, елорда халқының саны жыл басынан бері 12 426 адамға көбейді. Онда әйелдердің үлесі - 51,62%, ал ерлер 48,37% құрады",- деп жазылған хабарламада.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ақпараты бойынша, Қазақстанда жасы 18-ден асқан азаматтар саны 74,55%, балалар болса 22% сәл асады.

Астаналықтардың көпшілігі Алматы ауданында тұрады екен. Мұндағы көрсеткіш - 48,24%, ал Сарыарқа ауданының халқы 38,98% және Астананың жаңа ауданы -Есілде - 12,78% адам тұрады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ана мен бала өлімі 13% азайған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны