25.05.2016, 16:36 4403

Астана тұрғыны sms-хабарламамен "үй таратамын" деп қолға түсті

"23 мамыр күні Астана тұрғындарыныӊ ұялы телефондарына 2009 жылғы мемлекеттік бағдарламамен үй тапсырылып жатқаны туралы және 6 шілде сағат 16.00-ге дейін қалалық әкімдікке құжаттарын тапсыруы қажет екені жайлы sms-хабарлама түскен", - дейді Астана қаласы ІІД баспасөз қызметініӊ мамандары.

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ тұрғыны 2009 жылғы мемлекеттік бағдарламамен үй тапсырылып жатқаны туралы sms-хабарлама таратып, азаматтарды алдап келген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын қолға алып, ҚР ҚК 274-бабы (қасақана жалған ақпарат тарату) бойынша заӊ бұзды деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын қолға түсіреді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"23 мамыр күні Астана тұрғындарыныӊ ұялы телефондарына 2009 жылғы мемлекеттік бағдарламамен үй тапсырылып жатқаны туралы және 6 шілде сағат 16.00-ге дейін қалалық әкімдікке құжаттарын тапсыруы қажет екені жайлы sms-хабарлама түскен", - дейді Астана қаласы ІІД баспасөз қызметініӊ мамандары.

Бұл дерек ҚР ҚК "қасақана жалған ақпарат тарату" бабымен Сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай тізіліміне тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Оныӊ телефоны мен сим-картасы тәркіленді. Тексеру барысында ұсталған азамат бұрын да "алаяқтық" бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны