17.09.2007, 10:29 1384

Астана жылыту маусымына 100% дайын - Сұлтанов

Астана жылыту маусымына 100% дайын.

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". Астана жылыту маусымына 100% дайын. Бұл туралы бүгін Астана қалалық әкімшілігінде өткен шұғыл кеңес барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Ерік Сұлтанов хабарлады.

"17 қыркүйектегі жағдаймен 1652 үй жылыту маусымына 100% дайын болды", - деді Е. Сұлтанов. "Алматы ауданында 859 үй, Сарыарқа ауданында - 793 үй дайын болды". Сонымен бірге, "93 білім беру нысаны, 21 денсаулық сақтау нысаны мен 14 мәдени нысан маусымға дайын болды", деді әкімнің орынбасары.

Сұлтановтың айтуынша, өткен жылдың осы мерзімінде тұрғын үй қорының дайындығы 85% құраған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны