12.06.2015, 14:52 3796

Астанада 100 пайыз қазақстандық кремнидіӊ негізінде күн сәулесі батареялары шығарылуда

Жобаны маӊыздылығы Қазақстанныӊ "жасыл" экономикаға өту тұжырымдамасы мен "Энергияүнемдеу-2020" бағдарламасын жүзеге асыру барысында ерекше арта түсетін болады.

Астана. 12 Маусым. Kazakhstan Today - Астанада фотоэлектрлі модульдер шығаратын "Astana Solar" зауыты 100 пайыз қазақстандық кремнидіӊ негізінде күн сәулесі батареялары шығаруда. Зауыт құрылысы "Қазақстан Республикасындағы үдетілген индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы" мен "Қазақстанныӊ индустрияландыру картасы" бағдарламаларыныӊ бір бөлігі болып табылады және оған 5,005 миллиард теӊге бөлінген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Оныӊ мақсаты - Қазақстанда толықтай вертикалды-ықпалдасқан фотоэлектрлік модульдер циклыныӊ кремниді қайта өӊдеуден күн сәулесі тақталарын жинауға дейінгі өндірісін жолға қою болып табылады. Зауыт жаӊа буынныӊ еуропалық автоматтандырылған құрылғыларымен жарақтандырылған және ол қуаты 50 МВт болатын дайын фотоэлектрлі модульдер өндіруге қауқарлы және бұл қуат алдағы уақытта 100 МВт-қа дейін жеткізілетін болады",-делінген "Астана -жаӊа қала" арнайы экономикалық аймағыныӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Жобаны маӊыздылығы Қазақстанныӊ "жасыл" экономикаға өту тұжырымдамасы мен "Энергияүнемдеу-2020" бағдарламасын жүзеге асыру барысында ерекше арта түсетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны