21.02.2007, 09:58 2982

Астанада 2003 жылдан бастап ВИЧ індетіне шалдығу көрсеткіші 2,7 есе көбейді - денсаулық сақтау департаменті

АСТАНА. 21 ақпан. Kazakhstan Today. Астанада 2003 жылдан бастап ВИЧ індетіне шалдығу көрсеткіші 2,7 есе көбейді. Бұл туралы кеше астаналық денсаулық сақтау департаментінің алқа отырысында оның директоры Темірлан Қайырбеков хабарлады.

"Аурудың көбею себептерін саралай келе ВИЧ инфекциясын алғашқы жұқтыруда 59 % республиканың өзге аймақтарының тұрғындары, одан соң Астанаға көшіп келген таяу және алыс шет ел азаматтары тұр,-деді Т.Қайырбеков.

Сонымен қатар, Астанада Бас прокуратура жүргізген кешенді тексерулер барысында анықталған ВИЧ-ке байланысты және оған шалдыққандарға медициналық көмек көрсетуге қатысты әртүрлі олқылықтар мен қателіктердің Астанада да анықталып отырғанын мойындамауға болмайды",-деді ол. Департамент директорының сөзіне қарағанда медициналық мекемелерді донорлық қанмен қамтамасыз етуде қиындықтар кездеседі. "2006 жылы қалада өз еркімен қан тапсырушылар саны шамамен екі есеге азайған. Бірінші кезекте бұл азаюға бір мәрте қан тапсырушыға төленетін өтемақының 0,25 айлық есептік көрсеткіш немесе шамамен 258 теңге көлемінде өте мардымсыз болуы әсер етіп отыр,-деді Т.Қайырбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны