31.10.2006, 17:59 6077

Астанада 2007-жылдың наурыз айында сәулетшілердің халықаралық симпозиумы өткізіледі

АСТАНА. 31-қазан. Kazakhstan Today. Астанада 2007-жылдың наурыз айында сәулетшілердің халықаралық симпозиумы өткізіледі. Бұл туралы Астана әкімі Асқар Мамин Елордасының жаңа орталығындағы құрылыс жұмыстарының барысын қадағалау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2007-жылдың наурыз айында сәулетшілердің халықаралық симпозиумы өткізіледі. Оның аясында мастер-класс шаралары өткізіліп, мүсіндер мен шағын сәулет үлгілері іріктеледі",- деді Асқар Мамин.

Сонымен бірге әкімнің айтуынша, келесі жылы сәулет және қала салу саласындағы қазақстандық мамандар шетелдік әріптестерінің тәжірибесін зерттейді. Бұл мақсатқа 2007-жылға арналған қалалық бюджетте 15 млн. теңге қарастырылды. Осы жылдың қараша айында еліміз сәулетшілерінің бір тобы Шанхай, Гуанджоу, Путроджая, Гонконг және Сингапур қалаларына барады, деді әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны