23.10.2018, 16:40 4443

Астанада Ахмет Байтұрсынұлыныӊ шығармашылығына арналған "Алаштыӊ Ахаӊы" рухани-тағылымды іс-шарасы өтеді

Кештіӊ мақсаты - Алаштыӊ рухани көсемі, ұлт ұстазы, ақын, қазақ тіл білімініӊ негізін салушы ғалым, әдебиет зерттеушісі, ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлыныӊ шығармашылық мұрасын көпшілік қауымға кеӊінен насихаттау, жас ұрпақтыӊ бойында ұлтжандылық пен отаншылдық рухты қалыптастыру, қоғамдық сананы ұлттық бағытта жаӊғырту, ұлттыӊ асыл қазынасы - қазақ тілініӊ мәртебесін арттыру, қазақ сөз өнерініӊ құнды мұраларын таныту.

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласы әкімдігініӊ Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесініӊ ұйымдастыруымен 2018 жылғы 23 қазан күні, сағат 17.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында (Ж.Омаров көшесі 47 "б") "Қазақстан халқы тілдерініӊ күні" аясында Ахмет Байтұрсынұлыныӊ шығармашылығына арналған "Алаштыӊ Ахаӊы" рухани-тағылымды іс-шарасы өтеді.

Кештіӊ мақсаты - Алаштыӊ рухани көсемі, ұлт ұстазы, ақын, қазақ тіл білімініӊ негізін салушы ғалым, әдебиет зерттеушісі, ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлыныӊ шығармашылық мұрасын көпшілік қауымға кеӊінен насихаттау, жас ұрпақтыӊ бойында ұлтжандылық пен отаншылдық рухты қалыптастыру, қоғамдық сананы ұлттық бағытта жаӊғырту, ұлттыӊ асыл қазынасы - қазақ тілініӊ мәртебесін арттыру, қазақ сөз өнерініӊ құнды мұраларын таныту.

Рухани-тағылымды іс-шара Қаллеки театрыныӊ әртістері сомдаған "Ұлт қайраткері" қойылымымен басталып, ахметтанушы ғалымдар мен Ахаӊ ұрпақтарыныӊ қатысуымен жалғасын табады. Сондай-ақ, іс-шара барысында "Ахмет Байтұрсынұлыныӊ ғұмырнамасы" бейнесюжеті көпшілік назарына ұсынылып, Ахаӊ шығармаларын еліміздіӊ белгілі өнер қайраткерлері мен талантты жастар орындайды.

Іс-шараға ел зиялылары, Парламент және мәслихат депутаттары, қала басшылығы, құрылымдық және аумақтық мекемелердіӊ, оқу орындарыныӊ, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарыныӊ жетекшілері, белсенді жастар және қызығушылық танытқан барша қауым, БАҚ өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны