29.03.2007, 15:48 5033

Астанада ауаның ластану көрсеткіші айтарлықтай өсіп кетті - экологтар

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Астанада ауаның ластану көрсеткіші айтарлықтай өсіп кетті. Бұл туралы бүгін Астана әкімшілігіндегі экологиялық қоғамдық тыңдауда қалалық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы Мұрат Рахымбергенов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Астананың негізгі және ең өзекті проблемасы ауаның ластануы болып отыр және 2006 жылы Астанадағы ауаның ластану көрсеткіші айтарлықтай өсіп, 4,7 бірлікті құраған, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш 3,7 болған",- деді М. Рахымбергенов.

Оның пікірінше, бұған "200-ден асып жығылатын кіші қазандықтар, асфальт пен бетон өндіретін зауыттардың ескіргендігі және 600-ден астам құрылыс алаңдарының" іс-қызметтері әсер етіп отыр. Қалалық басқарманың бастығы, 2006 жылы Астанада технологиялық құрылғылары экологиялық талаптарға сай емес асфальт пен бетон өндіретін 13 зауыт жабылғандығын хабарлады.

Сонымен қатар, басқарма бастығы Астанадағы ауаны негізгі ластау көзіне көліктерді жатқызды. Оның мәліметтеріне сүйенсек, "көліктердің ауаны ластаудағы үлесі өткен жылы жалпы көрсеткіштің 50 пайызынан асып кеткен, бұл көліктер санының үнемі өсуіне байланысты". "Егер 2001 жылы Астанада небәрі 39 мыңнан астам ғана көлік тіркелсе, 2006 жылы олардың саны 121 мыңнан асып кеткен",- деп түсіндірді М. Рахымбергенов.

Ол, Астанадағы әрбір үшінші-төртінші көліктің "улы газдар мен түтін шығару нормалары артық" екенін атап өтті. "2006 жылы автобус парктерінде, автошаруашылық кәсіпорындарында және де қала көшелерінде 1 мыңнан астам көлік тексерілген, олардың 320-нан аталған заң бұзушылық анықталған",- деп түсіндірді басқарма бастығы.

Осы тексерудің нәтижесі бойынша көлік иелеріне - жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да жалпы көлемі 600 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Бірақ, "бұл шаралар тиімді емес және көліктен бөлінетін улы газдарды төмендетудің ауқымды проблемасын шеше алмайды", деп санайды М. Рахымбергенов. "Бұл проблеманы жол бағыттағыштар, айналма жолдар, көпірлер салу, сонымен қатар көліктің экологиялық қауіпсіз балама түрін енгізу және улы газдар аз бөлінетін жанар-жағармайды пайдалану жолымен кешенді түрде шешу қажет",- деп санайды қалалық басқарма бастығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны