02.09.2015, 12:30 4325

Астанада азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласында АКТ технологияларын қолдану мәселелері талқылануда

Бүгін Тәуелсіздік сарайында (Астана қ.) "Илеуметтік қамсыздандырудыӊ мақсаттарына жетудегі АКТ саласыныӊ стандарттары мен бірыӊғай шешімдерін қабылдау жолдары" атты ХИҚҚ-ныӊ ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы Халықаралық XIV конференциясы өз жұмысын бастады

Астана. 2 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Тәуелсіздік сарайында (Астана қ.) "Илеуметтік қамсыздандырудыӊ мақсаттарына жетудегі АКТ саласыныӊ стандарттары мен бірыӊғай шешімдерін қабылдау жолдары" атты ХИҚҚ-ныӊ ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы Халықаралық XIV конференциясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараны Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (әрі қарай - ХИҚҚ) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және ҚР Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Конференцияға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіхалықова, ХИҚҚ Президенті Эррол Франк Стуве, ХИҚҚ Бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов, Дүниежүзілік банктіӊ бас экономисі Алексей Случинский, Халықаралық еӊбек ұйымыныӊ еӊбек миграциясы бойынша бас техникалық кеӊесшісі Али Циссе, сонымен қатар Парламент депутаттары, ҚР мемлекеттік органдар мен ұйым өкілдері, ХИҚҚ басшылары мен мүше ұйымдарыныӊ бас қызметшілері, ақпараттық технологиялар бөлімдерініӊ басшылары, АКТ бойынша менеджерлер мен сарапшылар, халықаралық ұйым өкілдері мен АКТ индустриясыныӊ мамандары қатысты.

Конференция жұмысын ашқан Гүлшара Ибдіхалықова Қазақстанныӊ халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынуда заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, бірқатар жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді.

"Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандыру салаларында инновациялық шешімдер жүзеге асырылып жатқандығы айқын көрініп отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар халыққа мемлекеттік қызмет ұсынуды іс жүзінде жүзеге асыруда стратегиялық рөл атқаратыны сөзсіз. Еӊ бастысы - барлық енгізіліп отырған инновациялар Мемлекет басшысы қойған басты межелі мақсаттыӊ бірі - 30 дамыған мемлекеттер қатарына енуге ықпал етіп, халықтыӊ сұранысына сай бейімделеді. Инновациялық тәсілдемелерді енгізу әлеуметтік саясаттыӊ міндеттерін ұтымды шешуге, халыққа жоғарғы сапалы қызмет ұсынуға, сонымен қатар, тұлғаныӊ жеке қасиеттерін жетілдіру мен дамытуға жаӊа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді", - деді Мемлекеттік хатшы.

Өз кезегінде ХИҚҚ Президенті Эррол Франк Стуве АКТ-ныӊ әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы халыққа қызмет ету стандарттарын жоғарғы деӊгейге көтеруде стратегиялық рөл атқаратындығын айта келіп, халықаралық конференция сарапшыларға маӊызды мәселелерді талқылаумен қатар, халықаралық әріптестікті дамыту мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы агенттіктердіӊ жұмысын үйлестіруге жол ашатынын жеткізді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова конференция қатысушыларына ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы АКТ-ны қолдану туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, 2020 жылға қарай пациент пен медициналық қызметшініӊ сұранысына бағытталған қауіпсіз, әділетті, сапалы және тұрақты денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз ететін заманауи, өзекті, толық әрі нақты ақпаратты автоматты түрде алуды қамтамасыз ету жоспарланып отырғандығын хабарлады.

"Пациенттіӊ барлық өмір кезеӊдеріндегі денсаулығы туралы құрылымдық ақпарат (демографиялық және биометриялық мәліметтер, ауырған ауру түрлері мен қазіргі денсаулық жағдайы, аллергологиялық және иммундық статусы, дәрілік емдеу және емдіқ, диагностикалық шаралар) жинақталған денсаулықтыӊ электронды паспортын енгізу қарастырылуда",- деді Тамара Дүйсенова.

Өз сөзін қорытындылай келе ҚР ДСИДМ басшысы алдағы жылдары медициналық ұйымдарда басқару, медициналық қызмет көрсету шараларын комплексті автоматтандыруды жүзеге асыру сонымен қатар, медициналық ұйымдардыӊ ақпараттық жүйелерін әлеуметтік жүйеніӊ бірыӊғай ақпараттық жүйесімен біріктіру де қарастырылып жатқандығын атап өтті.

Үш күндік конференция барысында әр аймақтан келген әлеуметтік қамсыздандыру саласыныӊ ұйымдары өз жетістіктерімен бөліседі. Шараға қатысушылар бірқатар елдердіӊ, оныӊ ішінде Қазақстанныӊ әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы АКТ-ны қолданудағы тәжірибе мен практиканы саралайды. Илеуметтік қамсыздандыру саласындағы АКТ-ға негізделген жалпы стандарттар мен шешімдерді талқылауға басты назар аударылады.

Сонымен қатар, конференцияда ХИҚҚ-ныӊ басқару және әлеуметтік қамсыздандырудағы негізгі мәлімет қорымен алмасу бағыты бойынша АКТ саласындағы басқарудыӊ жаӊа ережелері қарастырылатын болады.

Конференция аясында "Қазақстанныӊ әлеуметтік саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" атты көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында республикада тұӊғыш рет қолданушы өзініӊ дене қимылы арқылы технологиямен әрекеттесетін байланыссыз сенсорлы бейне-қабырға - Kinect (кинект) ұсынылды. Экранда адамныӊ өмірлік кезеӊдері - қазақ мәдениетіне сәйкес мүшел жас шақтары мысалға келтірілді (Сәби, бала, Жігіт, Азамат, Аға, Ақсақал), сонымен қатар, олардыӊ әрқайсысына "электронды үкімет" жүйесімен, әрбір кезеӊ өзініӊ қызмет түрлерімен (мысалы, Сәби кезеӊі үшін - туылған баланы тіркеу, төлемақы алу т,б,) бірге қоса ұсынылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны