02.03.2011, 14:49 4014

Астанада азық-түлік тауарлары төмен бағамен сатылатын павильондар ашылады

Астанада азық-түлік тауарлары төмен бағамен сатылатын павильондар ашылады. Бұл туралы Астанада қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша өткен кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 2 - наурыз. Kazakhstan Today - Астанада азық-түлік тауарлары төмен бағамен сатылатын павильондар ашылады. Бұл туралы Астанада қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселелері бойынша өткен кеңес барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Астана қаласының әкімі қаладағы супермаркеттер басшыларының қатысуымен Астананың Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Бәсекелестікті қорғау агенттігі, "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, нақты міндеттемелерді қойды, алдағы уақыттағы жоспарларды талқылаған.

Астанада азық-түлік бағаларының қымбаттауының бірнеше объективті себебі бар. Олар қала маңында үлкен көлемде көкөніс сақтау қоймаларының жоқтығы, ауыл шаруашылық өнімдері жеткізілімінің тұрақсызсыдығы мен маусымдық сипаты және өткен жылғы құрғақшылықтың салдары. Бүгін 9 базар мен 43 супермаркетте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 18 түріне мониторинг жүргізіледі. Тиісті меморандумдарға қол қойылды.

Кәсіпкерлерді азық-түлік бағаларын төмендетуге ынталандыру үшін әкімдіктің ықпал етуімен, қала базарларында сауда орындарын жалға алу құны 20 пайызға, ветеринарлық-санитарлық қызметтер 30 пайызға арзандатылды.

Онымен бірге, 5 наурыздан бастап елордада тауарлар 5-10 пайыз үстемемен ғана сатылатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына дисконт қарастыратын - 32 сауда павильоны жұмыс істей бастайды.

"Соңғы уақытта әкім сайтына біздің базарлардағы бағалардың бейберекеттігіне қатысты көп сауалдар келіп түсуде. Анығын айтқанда, олар негізсіз емес. Үстеме 102 пайызды құрағанда, оны түсіну де, түсіндіру де мүмкін емес. Оған тиісті әрекеттер жасап, шаралар қолдану қажет. Құрылымдардың қаржылық ашықсыздығы да бар, онымен айналысу керек. Экономикалық дағдарыс кезінде мемлекет нарық субъектілеріне қол ұшын созады, бірақ жағдай өзгеріп, керісінше мемлекеттің өзіне көмек қажет болған жағдайда нарық субъектілері қолғабыс етуі тиіс. Өзара осындай түсіністік болмаған жағдайда, тиімді әріптестікке қол жеткізу мүмкін емес. Изірше, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарлардың бағасы, коммуналдық қызметтердің тарифтері біздің бақылауымызда болады", - деді И.Тасмағамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны