03.06.2013, 16:57 32929

Астанада балабақшаларға қабылдау басталды

Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада бір ай бойы 25 мамырдан 3 маусымға дейін балабақшаларға қабылдау жөнінде консультация беру үшін құрылған топ жұмыс істеген болатын.

Астана. 3-маусым. Kazakhstan Today - Астанада балабақшаларға қабылдау басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада бір ай бойы 25 мамырдан 3 маусымға дейін балабақшаларға қабылдау жөнінде консультация беру үшін құрылған топ жұмыс істеген болатын.

Білім басқармасынан атап көрсеткеніндей, биылғы жылы балабақшаларда 4276 орын босады. Осы орындарға бүлдіршіндер қабылданады.

Жеңілдетілген санаттар бойынша құжаттар қабылдауды жұмыс тобы 25 мамырға дейін қарап, жинақтады және осы жинақтау аясында ғана қарастырады. Ал, 25 мамырдан кейін келіп түскен құжаттар келесі, 2014 жылдың қабылдауында қарастырылатынын атап айтқан маңызды. Сондай-ақ, Басқарма балабақшаға жолдама тұрғылықты жері бойынша емес, тек бос орын болуына байланысты берілетінін де ескертеді

Егер балабақшаның орналасқан орны ата-аналардың көңілінен шықпаса, онда жолдама алмауына болады. Олардың кезектері сол күйі сақталады.

Балабақшаларға қабылдау бүгін 2013 жылдың 3 маусымнан басталып, осы айдың аяғына дейін жалғасады. Жинақтау орны: №61 орта мектеп (Қарталы көшесі). Жұмыс уақыты: күн сайын, 10-00-ден - 18-00-ге дейін. Үзіліс:13-00-ден - 14-00-ге дейін. Демалыс күндері - сенбі, жексенбі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны