31.01.2007, 19:28 6558

Астанада белгісіз біреулер кіреберіс есікке жарылғыш заттың дәлбедерін іліп кеткен

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Астанада белгісіз біреулер кіреберіс есікке жарылғыш заттың дәлбедерін іліп кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖЖ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, таяуда кешкісін Республика алаңында орналасқан № 30 үйдің тұрғындарынан кіреберіс есікке жарылғыш тектес заттың жапсырылып тұрғаны туралы хабар түсті.

"Жүргізілген арнайы шаралардың нәтижесінде, ілінген заттың жарылғыш құралы тектес жасанды пішін екені анықталды. ҚР ҰҚҚ сол жерде оның көзін жойды",- деп хабарлады ТЖЖ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны