11.07.2018, 14:30 4334

Астанада бірінші жаӊартылған емхана өз жұмысын бастады

Мысалы, Астана қаласында бұдан былай емделушініӊ электронды құжаты іске қосылады. Емделушініӊ алған барлық ем түрлері онлайн түрде ақпараттық базада сақталатын болады. Емделушіде басқа дәрігерге көріну қажеттігі туындаса, қағаз түріндегі амбулаториялық картаныӊ қажеті болмайды.

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - "Астана - адалдық алаӊы" жобасын іске асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істеріжәне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Төрағасы Алик Шпекбаев, Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешев және ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық қызмет көрсету саласын жетілдіру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеӊес өткізді.

Іс-шараға қаладағы денсаулық сақтау мекемелердіӊ басшылары, мәслихат депутаттары және қоғам белсенділері қатысты.

Өз баяндамасында "Астана - адалдық алаӊы" жобасыныӊ жетекшісі Жазира Жылқышиева атқарылған жұмыс туралы баяндады.

"Жоба кеӊсесімен мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық базаларын сәйкестендіру бойынша жұмыстар атқарылды. Бұл өз кезегінде азаматтардыӊ қажетті қызмет түрін әкімшілік кедергісіз алуына мүмкіндік туғызды.

Мысалы, жыл сайын еліміз бойынша 2 млн. зейнеткер мен 500 мыӊ мүгедек әлеуметтік қорғау органдарына жүгінеді. Халықтыӊ әлеуметтік жағынан осал топтары тоқсан сайын әлеуметтік қорғау органдарына әртүрлі әлеуметтік көмек алу үшін жүгінеді. Базаныӊ интеграциялануыныӊ арқасында әлеуметтік қорғау саласындағы барлық мемлекеттік қызмет түрін сапалы әрі қолжетімді алуға мүмкіндік берді", - деді Жылқышиева.

Жоба кеӊсесі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп №10 емханасын жаӊғырту бойынша жұмыстар жүргізді.

Алик Шпекбаев, Исет Исекешев және Елжан Біртанов аталған медициналық мекемеде болды.

Емхананы заманауи үлгіде қайта жасақтаудыӊ нәтижесінде, емделушілер үшін емханада арнайы бағыт-бағдар беретін жүйе іске қосылды. Сондай-ақ цифрлы технологияны түсіндіру мақсатында емхананы заманауи цифрлық дүӊгіршіктермен жабдықтаған, арнайыкеӊесшілер оларды қолдануға ынталыларды оқытады.

Мекеменіӊ 4-ші қабатында - Ахуалдық орталық құрылды. Онда клиентке бағдарланған қызмет көрсету приципінде жұмыс жасайтын жаӊартылған колл-орталық бар. Сондай-ақ Ахуалдық орталықта емхананыӊ жұмысы туралы онлайн-режимде толық ақпарат беріледі.

Астана қаласыныӊ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Камалжан Надыров жақын уақыттан бері қаланыӊ бірқатар медициналық мекемелерінде енгізілген медициналық қызмет көрсету саласындағы жаӊашылдықтарды таныстырды.

Мысалы, Астана қаласында бұдан былай емделушініӊ электронды құжаты іске қосылады. Емделушініӊ алған барлық ем түрлері онлайн түрде ақпараттық базада сақталатын болады. Емделушіде басқа дәрігерге көріну қажеттігі туындаса, қағаз түріндегі амбулаториялық картаныӊ қажеті болмайды.

Шара соӊында Алик Шпекбаев 10-шы емхананыӊ оӊ тәжірибесін республикадағы барлық медициналық мекемелерге қолдануды тапсырды.

Естеріӊізге сала кетейік, Астана қаласында 7 ақпаннан бастап жоба менеджментін қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаӊа құралдар енгізу және қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі елорда әкімдігімен бірлесіп "Астана - адалдық алаӊы" жобасын жүзеге асыруда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны