08.02.2011, 15:27 3489

Астанада бойы көтеретін жаңа әуежай қаладан 30-35 шақырым қашықта орналасатын болады

Астанада бойы көтеретін жаңа әуежай қаладан 30-35 шақырым қашықта орналасады. Бұл туралы бүгін "Астана қаласының Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау институты" МКК-ның қалалық көлік бөлімінің бастығы Айдар Рахым журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - ақпан. Kazakhstan Today - Астанада бойы көтеретін жаңа әуежай қаладан 30-35 шақырым қашықта орналасады. Бұл туралы бүгін "Астана қаласының Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау институты" МКК-ның қалалық көлік бөлімінің бастығы Айдар Рахым журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2030 жылға дейін Астана қаласын дамытудың аймақтық жоспарына сәйкес жаңа әуежай қаладан 30-35 шақырым қашықтықта салынады.

Оның хабарлауынша, жаңа әуежай халықаралық талаптарға сай болмақ. "Осы талаптардың бірі - әуежайдың қаладан 30-35 шақырым шалғай жерде орналасуы. Ол Көкшетау тас жолы бойындағы Шортанды мекенінде немесе Қарағанды тас жолында орналасқан Осакаровка елді мекенінде салынуы мүмкін. Қазіргі әуежай ішкі бағыттармен жұмыс істейтін болса, жаңа әуежай халықаралық бағыттарға қызмет көрсететін болады", - дейді А.Рахым.

Сондай-ақ жаңа теміржол вокзалдарының құрылысына тоқталған ол: "Жаңа жолаушылар вокзалы Ақжол және Мүсірепов көшелері маңайында салынса, одан бөлек жүк вокзалы өндірістік аймақта, жылу электр стансасының арғы жағында бой көтеретін болады", - деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны