09.11.2016, 13:40 4098

Астанада бүгін тұӊғыш қазақша мюзикл көрермен назарына ұсынылады

Үстіміздегі жылы Астанаға қоныс аударған қазақ эстарадасыныӊ қара шаӊырағы, Елорда төрінен "Astana Musical" театрын құрды. Ол - еліміздегі тұӊғыш мамандандырылған мюзикл театры. Алғашқы қойылым - "Достар серті" спектаклі. Мюзикл қазақтыӊ көрнекті композиторлары - Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев, "Дос-Мұқасан" тобы мен халық әндері негізінде жазылған.

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" қазақ әндері негізінде жазылған тұӊғыш қазақша мюзиклді көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Жаӊа музыкалық қойылым - бірегей туынды.

Үстіміздегі жылы Астанаға қоныс аударған қазақ эстарадасыныӊ қара шаӊырағы, Елорда төрінен "Astana Musical" театрын құрды. Ол - еліміздегі тұӊғыш мамандандырылған мюзикл театры. Алғашқы қойылым - "Достар серті" спектаклі. Мюзикл қазақтыӊ көрнекті композиторлары - Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев, "Дос-Мұқасан" тобы мен халық әндері негізінде жазылған. Еліміздіӊ әр өӊірінен консерваторияға оқуға келген төрт жігіттіӊ басынан кешкен қызықты оқиғалары, жастық шақ, махаббат жайы, талай сынақтан сүрінбеген достық туралы баяндалады.

Либретто авторы - ҚР еӊбек сіӊірген қайраткер-Бақыт Қайырбеков, драматург - Иннас Бағдат. Қойылым музыкасын жазған ҚР еӊбек сіӊірген қайраткер - Артур Оренбургский. Мюзикл режиссері- Еслям Нұртазин. Хореографтар - Исем Шарифуллина, Дәулет Мұратбеков.

Өтетін уақыты: 2016 жылғы 9 қараша, сағат 19.00.

Өтетін орны: Астана қ-сы, Орынбор к-сі, 10/1, "Қазақстан" концерт залы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны