21.09.2006, 15:41 4209

Астанада DC-60 ауыр иондарды үдеткіштің базасында ғылыми-зерттеу кешені ашылды

АСТАНА. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Астанада DC-60 ауыр иондарды үдеткіштің базасында ғылыми-зерттеу кешені ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Қайрат Қадіржановтың айтуынша, Еуразия ұлттық университетінің негізінде жаңадан ашылған ғылыми-зерттеу кешені бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі кейінгі 15-16 жылда жоғары білім ошағының жанынан құрылған осы тектес тұңғыш кешен болып табылады. "Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен бірге кешен коммерциялық іс-қызметпен де айналыса алады",- деді ол.

Қ.Қадіржановтың бағалауынша, бұл кешеннің базасында "медицина саласында пайдаланылатын жаңа материалдар өндірісін құруға, химия, биология және су тазарту мен дәрі-дәрмектерді тазартуда пайдаланылатын ядролық мембраналар атты заттарды өндіруге болады".

Өз кезегінде орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник Қазақстанның "Менделеев кестесін толықтыратын ауыр элементтерді ашуға мүмкіндік беретін жаңаша қондырғыларды жасап шығаруды" ойға алып отырғанын жеткізді. "Біз таңғажайып жаңа қасиеттері бар элементтерді ашудан үмітіміз бар. Біздің тіпті Менделеев кестесіндегі 117-118-ші элементтерді ашудан ойымыз бар",- деді Қ.Қадіржанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны