03.11.2018, 21:30 4920

Астанада "Digital Bridge" халықаралық инновациялық форумы өтеді

Астана қаласында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, "Зерде" Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркініӊ ұйымдастыруымен "Digital Bridge" халықаралық инновациялық форумы өтеді

Астана. 3 қараша. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 5 қараша күні Астана қаласында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, "Зерде" Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркініӊ ұйымдастыруымен "Digital Bridge" халықаралық инновациялық форумы өтеді.

Іс-шараныӊ басты мақсаты Еуропа мен Азия елдерініӊ арасында диалог алаӊын құру арқылы цифрлық трансформация, электрондық үкімет, технологиялық кәсіпкерлік және 4-ші индустриялық революция идеяларын ілгерілету.

Digital Bridge форумы - бұл халықаралық инновациялық қозғалысы қатысушыларын біріктірудіӊ жаӊа құралы.

Форум қатысушылары халықаралық ІТ-қоғамдастықтыӊ басты өкілдері, технология саласындағы танымал сарапшылар, кәсіпорындар басшылары, технологиялық кәсіпкерлер, әр елдердіӊ мемлекеттік сектор өкілдері, цифрлық әзірлемелер саласыныӊ кәсіпқойлары, ғалымдар және венчурлық капиталистер мен инвесторлар.

Іс-шара аясында еліміздегі алғаш рет цифрландыру саласында - Digital Bridge Awards байқауы өтеді. Байқау мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқарудағы еліміздіӊ цифрлық трансформация саласындағы үздік нәтижелерді және АКТ-саласындағы жобаларды әзірлейтін отандық компанияларды ынталандыруға мүмкіндік берді.

Digital BridgeAwards байқауы "Үздік цифрлық бастама", "Үздік цифрлық кеӊсе" және "Үздік стартап" номинацияларын анықтайды.

Сонымен қатар, Digital Bridge форумы аясында Astana Hub IT-стартаптардыӊ халықаралық технопаркі бастамасымен екі эксклюзивті іс-шара өткізіледі:

Astana Hub Battle - бұл стартаптар аудитория алдында сөз сөйлеу форматындағы жарыс. Жас техникалық жобалар 3 ақшалай сыйлыққа жарысатын болады: 1 орын - $15 000; 2 орын - $5 000; 3 орын - $1 000;

Astana Hub Awards - Қазақстанныӊ стартап-индустриясы саласындағы жүлдесін тапсыру.

Технологиялық жобалармен айналысатын жас командалар бұл күні өз күштерін сынап, қазылар алқасы алдында өзініӊ зерттемелерін ұсына алады.

Astana Hub Awards жүлдесі аясында келесі номинациялар бойынша марапаттау жүргізіледі: "Жыл techpreneur-і"; "Жыл жаӊалығы"; "Үздік технологиялық стартап"; "Мемлекеттік секторға арналған үздік IT-жоба"; "Жыл топжарғаны". Astana Hub Awards байқауы жыл сайын өткізіледі деп болжанады.

Digital Bridge қатысушылары мүдделі команиялармен мен басқа қатысушылармен 30-минуттық 1:1 B2B кездесулерін өткізуге мүмкіндік алады.

Digital Bridge - биыл Қазақстанда өткізілетін басты инновациялық оқиғалардыӊ бірі. Форум аясында басқа елдердіӊ өкілдері цифрландыру тәжірибесімен бөліседі және инвесторлар мен іскерлік әріптестермен кездесу өткізуге ерекше мүмкіндік алады. Бірегей диалог алаӊында 30-дан астам спикер цифрландыру саласында соӊғы әлемдік трендтерді талқылап, үздік тәжірибелермен бизнес-модельдермен бөліседі.

Форум спикерлері - Жан Франсуа Готье, Startup Genome Бас директоры; Дирк Албон, Hyperloop Transportation бас директоры; Боб Дорф, кәсіпкер, кеӊесші және Стартап Академия менторы, стартап-тақырыбы бойынша көптеген бестселлердіӊ авторы; Галактика ғарыштық жеке меншік компнияныӊ негізін қалаушысы және иесі Алия Прокофьева Джефф Хоффман, Priceline Group негізін қалаушы; Global Catalyst Partners халықаралық венчурлық капитал фирмасыныӊ Төрағасы және теӊ құрылтайшысы - Камран Элахиан басқа да әлемдік ІТ-қоғамдастықтыӊ танымал сарапшылары бар.

Биылғы жылы Digital Bridge аясында Қазақстанныӊ стартап-индустриясындағы маӊызды іс-шара Astana Hub ІТ-стартаптар халықаралық технопарк тұсаукесері өтеді.

Шара барысында Astana Hub-тыӊ негізгі өнімдері таныстырылып, дамыту бағдарламасыныӊ алғашқы түлектерініӊ жетістіктері және EXPO павильондарыныӊ бірінде орналасқан технопарк инфрақұрылымы көрсетіледі.

Іс-шараға Қазақстанныӊ және басқа елдердіӊ ресми өкілдері, халықаралық инновациялық экожүйеніӊ мамандары қатысады.

Ал Digital Bridge форумына барлық қатысушылар үшін ашық іс-шара. Digital Bridge форумына қатысу тегін.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны