27.09.2018, 18:39 4001

Астанада Еуропа және Азиядан келген мамандарға арналған адам саудасын алдын алу бойынша алғашқы жаттығу басталды

Бірінші рет орыс тілінде өткізіліп отырған бұл инновациялық курс алдыӊғы шептегі қызметкерлерге шын мәнінде нақты адам саудасы сценарийлерін құру мен кәсіби актерлерді қатыстыру арқылы адам саудасына қарсы іс-қимылдарды модельдеуге мүмкіндік ұсынады.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - ЕҚЫҰ ұйымдастырған адам саудасынан зардап шеккендерді анықтау және құтқаруға арналған шынайы уақыттағы бір апталық іс-шара 2018 жылғы 24 қыркүйекте Астана қаласында Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы күрес жөніндегі аймақтық хабта басталды. Онлайн режимде ұйымдастырылып жатқан іс-шараға ЕҚЫҰ 14 мүше мемлекеттер мен серіктестерден келген 50-ден астам құқық қорғау органдары, еӊбек инспекциясы, қаржы тергеу бөлімшелерініӊ, прокуратура, үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері және әлеуметтік қызмет мамандары қатысуда.

Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ЕҚЫҰ үйлестірушісініӊ міндетін атқарушы Астанада симуляциялық жаттығуыныӊ ашылу рәсімінде баяндама жасады.

Бірінші рет орыс тілінде өткізіліп отырған бұл инновациялық курс алдыӊғы шептегі қызметкерлерге шын мәнінде нақты адам саудасы сценарийлерін құру мен кәсіби актерлерді қатыстыру арқылы адам саудасына қарсы іс-қимылдарды модельдеуге мүмкіндік ұсынады. Соныӊ ішінде балалардыӊ қатысуымен еӊбек және жыныстық қанау жағдайларын модельдеу мақсатында жалған қорда, құрылыс алаӊы және ауыл шаруашылығы алаӊы ұйымдастырылды.

"Қаржы тергеу бөлімшелері, әлеуметтік және көші-қон органдары, заӊгерлер мен үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, түрлі салалардағы сарапшыларды жинау арқылы, біз ЕҚЫҰ өӊірінде мамандардыӊ ведомствоаралық және көпбейінді желісін үйлестіру бойынша жұмыс істеудеміз", - деп ЕҚЫҰ адам саудасына қарсы күрес жөніндегі үйлестіруші міндетін атқарушы Валиант Ричи деді. "Біздіӊ модельдеу жаттығуларымыз шынайы, практикалық бола тұра, шектес салаларды қамтиды. Олар адам саудасынан зардап шеккендерді анықтау, оған қатысты істерді тергеу және қанаушылар мен орындаушыларды жауапкершілікке тарту мақсатында қатысушы мемлекеттердіӊ әлеуетін арттыруға бағытталған.

Мұндай тәсіл бұрынғы қатысушылардыӊ, соныӊ ішінде прокурор Давид Манчинидіӊ сипаттауынша "шын мәнінде бірегей", ал қорытындылары "әдеттегіден тыс" болып табылады, өйткені оқыту нәтижесінде барған сайын "барлық қатысушылар үшін шындық және модельдеу арасындағы шекара бұлыӊғыр" болды.

Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокурорыныӊ орынбасары Андрей Лукин: "Мемлекетаралық ынтымақтастық өте маӊызды. Иртүрлі елдердегі орындаушылардыӊ үйлестірілген және үйлесімді жұмысы адам саудасына қарсы іс-қимылдыӊ тиімділігін анықтайды. Сондықтан ЕҚЫҰ-ныӊ қолдауымен өткізіліп отырған 14 мемлекет өкілдерініӊ қатысуымен модельдеу оқу бәрімізді осы зұлымдықпен қарсы күресте күш-жігерді біріктіруге шақырады".

Бұл жоба ЕҚЫҰ Адам саудасымен күресу үшін арнайы өкілі кеӊсесініӊ жаӊа мемлекетаралық және салааралық көзқарас арқылы адам саудасыныӊ құрбандарын тиімді анықтау және көмек көрсетудегі тұрақты күш-жігерініӊ бөлігі болып табылады. ЕҚЫҰ дала миссиялары, соныӊ ішінде Астанадағы Бағдарламалар офисініӊ қолдауымен ұйымдастырылған Астанадағы симуляциялық жаттығу, Италияныӊ Виченца қаласында өткізілген осындай төрт жаттығулардан кейін орын алып отыр. Келесі іс-шара 2018 жылдыӊ желтоқсанында Виченца қаласында өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны