02.08.2017, 19:32 4333

Астанада EXPOWOMEN екінші халықаралық форумы ашылды

Белгілі болғандай, форум аясында бірегей бастама ұсынылды - барлық келесі көрмелерде әйелдер павильонын құру. Бірінші экспозицияны 2020 жылы Дубай қаласында өткізу ұсынылуда.

Астана. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада EXPOWOMEN екінші халықаралық форумы ашылды. Форумға "Болашақтыӊ энергиясы: әйелдер, бизнес және ғаламдық экономика" тақырыбы арқау болды. Атап өтетін жайт, әлемніӊ оннан астам мемлекеттерінен жиналған қонақтар дәстүрлі Coca-Cola Белестерi байқауыныӊ марапаттау рәсімініӊ күәгерлері болды, осы байқау аясында әйелдер қауымынан шыққан он жеӊімпаз өзініӊ шағын бизнесін ашуға грант ұтып алды.

EXPOWOMEN форумы "Астана ЭКСПО-2017" әлемдік мамандандырылған көрмесі аясында өтуде. Көрменіӊ өткізілу тақырыбы "жасыл" энергия екені белгілі. Сондықтан бүгінгі форумда "жасыл" экономикаға және кәсіпкерлікке әйелдердіӊ үлесі, олардыӊ тұрақты дамудағы рөлі, сондай-ақ "жасыл" бизнесті ұйымдастыру мен жүргізуде әйелдер бастамалары мәселелері талқыланғаны зыӊды.

- Біздіӊ форум Астанадағы бүкіл әлемдік ЭКСПО-2017 көрмесініӊ аясында өтіп жатқаны қуантады. Экономиканыӊ дамуыннда әйел адам маӊызды рөл атқарады. Ол көптеген мәселелерде қозғаушы күш болып табылатыны сөзсіз. Ол әрі кәсіпкер, әрі ошақ қорғаушысы, әрі саясаткер, әрі новатор. Ийел адам қандай іспен айналысса да, ол керемет еӊбек пен нәтиже көрсете отырып, барлығына үлгереді, - деп ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Майра Айсина пікірін білдірді.

Белгілі болғандай, форум аясында бірегей бастама ұсынылды - барлық келесі көрмелерде әйелдер павильонын құру. Бірінші экспозицияны 2020 жылы Дубай қаласында өткізу ұсынылуда. Тіпті Қазақстанныӊ көрсететіні бар.

- Осындай сәтті тәжірибиелердіӊ бірі - тиімді жұмыс істеп тұрған "Жасыл" технологиялардыӊ халықтық академиясы" Білім тарату орталығы орналасқан Қазақстанныӊ бірінші "жасыл" ауылы, Арнасай ауылы. Бұл жерде "жасыл" инновацияларды үйренуге де, олардыӊ әсерін тәжірибие жүзінде көруге де мүмкіндік бар. 2015 жылы Coca-Cola Белестерi әлеуметтік жобасыныӊ аясында ашылған орталық атаулы байқаудыӊ жеӊімпаздарын алты жұмыс орынмен қамтамасыз етті, сондай-ақ осы уақыт аралығында бес мыӊнан астам тыӊдарман "жасыл" технологиялыр бойынша білім алды. Бұл, мемлекеттіӊ болашағы - осындай бастамалар мен технологиялардыӊ дамуында екенініӊ көрнекі үлгісі, - деп "Жасыл" экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы" ЗТБ Басқарма Төрайымы Салтанат Рахимбекова атап өтті.

Жоғарыда атап өтілгендей, форум аясында Coca-Cola Белестерi білім беру бағдарламасыныӊ он жеӊімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті. Coca-Cola компаниясыныӊ бастамасымен болған Coca-Cola Белестерi бағдарламасы Қазақстанда 2012 жылы басталды. Қазӊргӊ уақытта бағдарлама аясында 9040 әйел адам "жасыл" технологияларды пайдалана отырып, бизнес негіздері бойынша оқытылды. Атаулы байқау жыл сайын үздік бизнес-идея үшін өткізіледі. Еӊ ерекше әрі тиімді бизнес-жоспар өз бизнесін ашу үшін Coca-Cola компаниясыныӊ Қоры гранттарынан қолдау табады.

- Жыл сайын беріліп жатқан өтініштердіӊ саны, бастысы, сапасы артып жатқаны мені қуантады. Бұл жолы біз грантқа 150 өтініш қабылдадық, ал жеӊіске жету үшін номинанттардыӊ қысқартылған тізіміне 40 әйел адам өтті. Біздіӊ жеӊімпаздардыӊ барлық жобалары кураторлардыӊ қолдауымен сәтті жүзеге асырылатыны сөзсіз. Біздіӊ әйел адамдарымыз өз күштеріне сеніп, өз ойларын білікті әділ қазылар алқасыныӊ алдына ұсынды. Адамзаттыӊ әсем бөлігі - әйел адамдарға жұмыс орындарын құру арқылы біз тқрақты экономикаға барынша үлес қосудамыз, - дейді "Илеуметтік қозғалыс" Қоғамдық қорыныӊ директоры Елена Ожго.

Coca-Cola Белестерi Coca-Cola 5by20 компаниясыныӊ көпжылдық бастамасыныӊ бөлігі болып табылады. Бағдарлама аясында Coca-Cola 2020 жылдарға қарай бизнес-тренингтерге қатысу, қаржылық білім мен дағдыларды алу мүмкіндіктерін ұсыну арқылы бизнеске әлем бойынша 5 млн. әйел адамдарды тартуды жоспарлап отыр. Егер бірінші жылы бағдарлама қала тұрғындарын қамтыса, қазір ұйымдастырушылар назарларын әйелдер "жасыл" технологияларды пайдаланумен өз бизнесін ашқысы келетін ауылдық аймақтарға аударуда. Ағымдағы жылы оқыту тренигтері ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарында өткізілді.

- Ийел - бұл отбасы мен қоғамныӊ негізі. Оларға өмірде өзін дамытуға көмектесу, - қоғамныӊ, экономика мен тұтас мемлекеттіӊ сәтті дамуын қолдау дегенді білдіреді, ал ол біздіӊ бизнеске де жағымды әсер ететіні сөзсіз. Біз бұл жобаға қатысуымызды мақтан тұтамыз және алдағы уақытта да оған қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз, - деп Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі Coca-Cola компаниясыныӊ корпоративтік байланыс және коммуникация бойынша менеджері Александра Аккирман қорытындылады

Бағдарлама пайда болғаннан бес жыл ішінде ұйымдастырушылар 150 "жасыл" технологияларды пайдаланумен бизнес негіздері бойынша білім беру тренингтерін өткізгенін атап өтуге болады. Coca-Cola Белестерiніӊ үздік бизнес-идеясы байқауына 650 әйел адам қатысты. Олардыӊ 41-і жалпы сомасы 166 мыӊ АҚШ доларына теӊ грант ұтып алды. 2012 жылдан бері 105 жұмыс орны құрылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны