19.09.2016, 15:45 4464

Астанада ІІІ Халықаралық балет әртістерініӊ байқауы жеӊімпаздарыныӊ есімдері жарияланды

Конкурстыӊ сөзсіз көшбасшысы әрі Гран-при иегері ASTANA OPERA театрыныӊ үздік солисті Бахтияр Адамжан атанды. Бұл қазақстандық әртістіӊ биыл алған үшінші бас жүлдесі. Бірнеше ай бұрын ол Түркия мен Сеулде өткен халықаралық конкурстардыӊ бас жүлдесін иеленген болатын.

Астана. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанадағы балет әртістері конкурсыныӊ соӊғы, үшінші айналымы аяқталып, лауреаттардыӊ есімі жария етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір апта бойы "Астана Опера" театрыныӊ сахнасында Ресей, Жапония, Беларусь, Украина, Қазақстан және өзге де елдерден жиналған қатысушылар шеберліктері мен академиялық мәнерін ортаға салып сайысты.

Конкурс бағдарламасы сан-алуан және мазмұнды болды: бірінші айналымда классикалық балеттерден вариациялар мен дуэттердіӊ қатысуы талап етілсе, екінші айналымда заманауи хореография нөмірлерін қолдану мүмкіндігі пайда болып, қатысушылар өз әлеуетін барынша көрсете алды. Қатаӊ іріктеудіӊ нәтижесінде, соӊғы, үшінші айналымға 16 конкурсант қатысып, мәртебелі қазылар алқасы олардыӊ кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін тиісінше бағалады.

Конкурстық сайыс қызу өтті, балл айырмашылығы тіпті мардымсыз болатын. Бірінен бірі өткен сайыскерлердіӊ ішінен мықтысын таӊдау қазылар алқасына да оӊай тиген жоқ. Қазылар алқасы конкурс нәтижесін 2 сағатқа жуық талқылап, жеӊімпаздардыӊ есімін жария етіп, конкурстыӊ жоғары деӊгейде ұйымдастырылғанын да ерекше атап өтті.

Конкурстыӊ сөзсіз көшбасшысы әрі Гран-при иегері ASTANA OPERA театрыныӊ үздік солисті Бахтияр Адамжан атанды. Бұл қазақстандық әртістіӊ биыл алған үшінші бас жүлдесі. Бірнеше ай бұрын ол Түркия мен Сеулде өткен халықаралық конкурстардыӊ бас жүлдесін иеленген болатын.

Ерлер арасындағы бірінші және екінші сыйлықты елордалық театрдыӊ солистері Серік Нақысбеков пен Еркін Рахметуллаев иеленді. Жас әртіс Серік Нақысбековтыӊ әртістік шеберлігін Астана қаласыныӊ әкімшілігі де арнайы сыйлықпен атап өтті. Ал, Еркін Рахметуллаев классикалық мұраныӊ үздік интерпретациясы үшін Петипа мұрасыныӊ қоры мен Братислава Ұлттық театры тағайындаған "PETIPA PRIX" сыйлығына ие болды. Демек, Еркін Рахметуллаев 2016-2017 жылдар маусымында Братислава Ұлттық театрыныӊ сахнасында Мариус Петипаныӊ "Корсар" балетінде басты ер партиясын орындау мүмкіндігіне ие.

Үшінші сыйлықты Беларусьтік конкурсант Константин Героник пен Қырғызстан өкілі Фарух Садыркулов бөлісті. Біріншісініӊ образға енуі мен екіншісініӊ техникалық шеберлігі сайыс барысында залдағы көрерменніӊ зор ықыласына бөленді.

Ийелдер арасында бірінші сыйлық берілмейтін болды. Бұл әйелдер құрамыныӊ әлсіздігін емес, қазылар алқасыныӊ талапшылдығы мен конкурстыӊ жоғары мәртебесін айғақтаса керек.

Екінші сыйлықты Украина өкілдері Наталья Ивасенко мен Элина Походных бөлісті. Олардыӊ академиялық шеберлігі мен стильді сезінуін қазылар алқасыныӊ төрайымы Алтынай Асылмұратова ерекше атап өтті. Элина Походных пен Константин Героник "Астана Опера" театры атынан 2016-2017 жылдар маусымында көрсетілетін спектакльге қатысуға шақырту алды.

Ийелдер арасындағы үшінші сыйлықтыӊ лауреаты - техникалық шеберлігі жоғары белоруссиялық Александра Чижик.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласыныӊ әкімшілігі бірнеше арнайы жүлде тағайындаған болатын: академиялық шеберлік, әртістік шеберлік пен үздік серіктес үшін арнайы сыйлық. Соӊғы жүлде Украина өкілі Виктор Томашекке тарту етілді.

Ийгілі қазақ бишісі, Халық әртісі Рамазан Бапов атындағы жүлде Абай атындағы МАОБТ солисті Рүстем Иманғалиевқа бұйырды. Көрермендер жадында ол билеу мәнерімен қалды.

"Үкілі үміт" сыйлығын Саха Республикасыныӊ жас балет жұбы Мария Кузьмина мен Тимофей Федотов иеленді. Олар үшінші айналымға өтпей қалғанымен, болашағы зор әртістер ретінде аталып өтті.

"Астана Балет" театрыныӊ солисті Риза Қанатқызы заманауи хореографияны үздік орындағаны үшін арнайы жүлденіӊ лауреаты атанды. Бельгиялық хореограф Рикардо Амарантеніӊ замануи биі көрермендердіӊ ғана емес, қазылар алқасыныӊ да ықыласына бөленді.

"Шығармашылық сайыста жеӊілгендер мен жеӊгендер болмайды, себебі, мұнда бәрініӊ ұпайы түгел, - деді, конкурсқа қатысушыларға арнап сөйлеген сөзінде қазылар алқасыныӊ төрайымы Алтынай Асылмұратова - Сіздер тәжірибе жинақтап, біз сіздердіӊ мүмкіндіктеріӊе куә болдық. Ал, еӊ бастысы, алдарыӊда тыӊ мақсаттар пайда болды. Біріӊнен біріӊ үйренгендеріӊ де көп болды деп ойлаймын".

Балет әртістерініӊ ІІІ Халықаралық конкурсыныӊ құрылтайшысы "Балет пен ұлттық биді қолдау және дамыту қоры" конкурстыӊ негізгі міндеті Қазақстанда классикалық балетті дәріптеу мен жас, дарынды әртістерді ынталандыру деп есептейді.

Астанада Қазақ Ұлттық Хореография Академиясыныӊ ашылуы секілді, бұл конкурс та осы мақсат-міндеттіӊ орындалуыныӊ көрсеткіші, деп атап өтті өзініӊ сұхбатында Пекин Би Академиясыныӊ профессоры, балет өнері саласынағы беделді сарапшы Сяо Сухуа:

"Меніӊше, бұл конкурс қазақ балет өнері үшін өте маӊызды. Сіздердіӊ театрларыӊыз сөзсіз Азиядағы үздік театр. Хореография Академиясын ашып отырсыздар, мұндай оқу орнын дүниежүзінде көрген емеспін. Зор дүниелер атқарып жатқандарыӊ көрінеді! Сонымен қатар, сіздерде классикалық би мектебі мықты. Ал, енді, балет труппасы мен Академияныӊ тізгінін Алтынай Асылмұратова сынды кәсіпқой маман қолға алғанда, деӊгейлеріӊ одан сайын өседі, себебі, ол өте талапшыл басшы! Сосын, елдеріӊізде мәдениетке қаншалықты көӊіл аударылып жатқанын көргенімде, мұны дана шешім деп ойлаймын. Себебі, ұлттыӊ рухани дамуы мәдениетіне байланысты",- деді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны