25.12.2013, 21:39 3099

Астанада қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға пәтер кілттері табысталды

Астанада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға құрылыс компаниялары тарапынан дәстүрлі түрде пәтер кілттерін табыстау қайырымдылық акциясы өтті. Шараға қала әкімі Иманғали Тасмағанбетов қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan today. Астанада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға құрылыс компаниялары тарапынан дәстүрлі түрде пәтер кілттерін табыстау қайырымдылық акциясы өтті. Шараға қала әкімі Иманғали Тасмағанбетов қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астанада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға құрылыс компаниялары тарапынан дәстүрлі түрде пәтер кілттерін табыстау қайырымдылық акциясы өтті. Шараға қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Кәсіпкерлердің қайырымдылығы болмағанда әлеуметтік аз қамтылған отбасылар осыншалықты тұрғын үйге қол жеткізе алмас еді. Бұлардың қатарында аз қамтылған отбасылар, ЖКО зардап шегушілері, жүйке жүйесінен зардап шеккендер, жұмыс істеуге қабілетсіз жандар бар. Бұл отбасылардың көпшілігі көпбалалы", - делінген хабарламада.

Түрлі жағдайларға орай аталмыш азаматтар Астана қаласына тіркелгенімен мемлекеттік қор тарапынан үй кезегіне тұрған және көптен бері жаңа қоныс иеленуге дайындалып жүрген жандар. Осы уақыт аралығында олардың өмір сүру жағдайлары төмен дәрежеде болып балалардың денсаулығына қауіп төнген.

Акция аясында 10 құрылыс компаниясы өз беттерімен 11 отбасын таңдап алып, үймен қамтамасыз етті. Атап айтар болсақ олар - "Астанапромстрой-М", "Allur Auto Astana", "СК Құлагер", "АстанаТрейдинтернешнл", "АстанаСервисСтройМонтаж-01", "Алтын ХХI", "Азия", "Астанастройинвест", "Центр КазЭнергоМонтаж", "АльянсстройИнвест".

Аталмыш отбасылар 35-67 шаршы метрлік 1-2 бөлмелі пәтерге ие болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны