17.09.2012, 14:23 3777

Астанада Қазақстан гепатологтарының І съезі өтті

Қазақстандық дәрігерлер мен таяу және алыс шетелдердің алдыңғы қатарлы мамандары гепатологиялық проблемалардың, хирургиялық және интервенциялық гепатологияның, бауыр трансплантациясы, жасуша технологияларының әр түрлі мәселелерін талқылады.

Астана. 17-қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстан гепатологтарының І съезі өтт, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстандық дәрігерлер мен таяу және алыс шетелдердің алдыңғы қатарлы мамандары гепатологиялық проблемалардың, хирургиялық және интервенциялық гепатологияның, бауыр трансплантациясы, жасуша технологияларының әр түрлі мәселелерін талқылады.

Шара барысында гепатологияның негізі бағыттары бойынша бірқатар пленарлық отырыстар өткізілді. Илемге танымал спикерлердің қатысуымен гепатологиялық мәселелердің түрлі салалары бойынша секциялар өткізілді.

Тәжірибе алмасу, клиникалық бақылауларды талқылау, жаңа ілім-білім үйрену гепатология саласындағы жаңа жетістіктерді практикалық медицинада жүзеге асыруға ықпал етеді.

ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтың жарлығымен бекітілген "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі профилактикалық іс-шаралар, скринингтік зерттеулерді күшейту, әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау, емдеу мен оңалтуды жетілдіру болып табылады.

Қазақстан - посткеңестік кеңістік бойынша ел ішінде ұлттық скринингтік бағдарламаны енгізген жалғыз мемлекет. Аталған бағдарлама аясында басқа да көптеген аурулармен қатар, В және С вирустық гепатиттерін диагностикалау жүргізіледі. Сондай-ақ, созылмалы вирустық гепатит дертіне шалдыққан азаматтар тегін дәрімен қамтамасыз етіледі.

Гепатология - бауырдың вирустық созылмалы үдемелі ауруы. Оған бауырдың аутоиммунды, алкогольдік аурулары, алкогольдік емес стеатогепатит, генетикалық аурулар кіреді. Жалпы алғанда, адамзат баласының 15-30% бауыр ауруларынан зардап шегеді және медициналық көмекке мұқтаж. Вирустық гепатиттің бауыр циррозы және басқа да қауіпті ауруларға әкеп соғуы мүмкін болғандықтан, қазіргі заманға сай диагностикалау мен әр науқасты емдеудің жеке жолдарын табудың қажеттігін көрсетеді.

Осыған байланысты, Қазақстанда гепатологиялық қызметті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен В және С созылмалы гепатиті ауруына шалдыққан барлық азаматтар (ересектер мен балалар) вирусқа қарсы тегін емделеді.

2011 жылдан бастап қан ауруына шалдыққан балалардан В және С вирустық гепатитін, гемодиализ алатын, ота жасалған, қан және компоненттері құйылған науқастардан қатерлі ісік ауруларын диагностикалауға скринингтік зерттеулер енгізілді. В және С вирустық гепатиттерін диагностикалауға скринингтік зерттеулермен 280 000 мыңдай бала қамтылды.

2012 жылдан бастап ересектер арасында: медициналық қызметкерлер (ота жасайтын дәрігерлер, хирургиялық бейіндегі мейіргерлер, процедуралық кабинетте, жедел жәрдем қызметінде, қан орталықтарында, паталогоанатомиялық қызмет мамандары, сот медициналық сарапшылар), қан және қатерлік ісік ауруларына шалдыққан науқастардан В және С вирустық гепатиттерін диагностикалауға скринингтік зерттеулер енгізілді.

Ағымдағы жылы балалар мен ересектер арасында В және С вирустық гепатиттерін диагностикалауға 2,1 млрд. теңге бөлінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны