25.07.2011, 18:40 7955

Астанада Қазақстандағы тұңғыш экологиялық тұрғын үй құрылысы басталды

Табиғи материалдардан салынатын коттедж электр қуатымен, ауыз сумен автономды түрде қамтамасыз етілетін болады. Ал тұрмыстық қалдықтар бақша тыңайтқышына айналдырылады, деп жазады "Экспресс К" басылымы.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстандағы тұңғыш экологиялық тұрғын үй құрылысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Табиғи материалдардан салынатын коттедж электр қуатымен, ауыз сумен автономды түрде қамтамасыз етілетін болады. Ал тұрмыстық қалдықтар бақша тыңайтқышына айналдырылады, деп жазады "Экспресс К" басылымы.

Экологиялық үй сығымдалған сабаннан жасалған кірпіштерден өріледі. Сәндік ағаш панельдер мен негізгі қабырға арасындағы жылытқыш рөлін қамыс атқарады. Жоба менеджері Евгений Адамасовтың айтуынша, үй орталық коммуналдық желіге қосылғанымен сыртқы көздерді пайдалану 6-7 есеге қысқарады. Сегіз жылдың көлемінде тұрғын үй экологиялық жабдықталуға кеткен барлық шығындарын өтейтін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны