21.05.2009, 11:25 1190

Астанада "Қазіргі Қазақстан және "Еуропаға жол" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

Астанада "Қазіргі Қазақстан және "Еуропаға жол" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Бүгін ҚР парламенті мәжілісінде "Қазіргі Қазақстан және "Еуропаға жол" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Аталған шара "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде әзірленіп отыр. Сондай-ақ конференция қазіргі Қазақстанның қоғамдық саяси құрылысы саласындағы бүгінгі жетістіктері, демократияның дамуы және 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету арқылы Қазақстанның алдағы келешегімен халықаралық қауымдастық өкілдерін таныстыру мақсатын көздейді.

Алқалы жиын барысында пленарлық және 4 секциялық отырыстар өтеді деп жоспарлануда. Секциялық отырыстар "ҚР президенті Н.Назарбаевтың бейбітшілік және интеграциялық бастамалары", "Еуропаға жол - Қазақстанның күн тәртібінде", "Саяси өзгеріс тәжірибесінің қазақстандық үлгісі", "Қазақстанның дінаралық және ұлтаралық келісім үлгісі: ЕҚЫҰ-ға тәжірибе" деген тақырыптар бойынша өтеді.

Конференция жұмысына ЕҚЫҰ, Еуропалық кеңестің парламенттік ассамблеяларының, ТМД парламентаралық ассамблеясының өкілдері, Литва, Австрия, Грекия, Чехия, Франция, Қырғыз Республикасы, Ресей, Түркия парламенттерінің белгілі депутаттары мен саяси фракцияларының жетекшілері, сондай-ақ Германия, Ресей және АҚШ елдерінің танымал сарапшылар институтының өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны