30.10.2018, 15:03 6198

Астанада қоғамдық бақылаудыӊ интерактивті картасы іске қосылды

Карта нақты уақыт режимінде Астана қаласыныӊ жалпы сомасы 150 млрд. теӊге болатын әлеуметтік нысандарын салу, жөндеу және күтуге бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметті көрсетеді.

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - Астанада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Парламентаризмді дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырған бірегей жобаныӊ таныстырылымы өтті.

Қоғамдық бақылаудыӊ интерактивті картасы алғаш рет халыққа бюджеттік шығындар туралы маӊызды мәліметтердіқол жетімді және түсінікті етті және қоғамдық бақылаудыӊ тиімді механизмін құрды.

Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры басқармасыныӊ төрағасы Зәуреш Батталова жоба Қазақстандағы Нидерланды елшілігініӊ қаржылай қатысуымен отандық "QLT" IT-компаниясымен жүзеге асқандығын атап өтті.

Карта нақты уақыт режимінде Астана қаласыныӊ жалпы сомасы 150 млрд. теӊге болатын әлеуметтік нысандарын салу, жөндеу және күтуге бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметті көрсетеді.

Карта мердігерлер, бөлінген қаржы, құрылыстыӊ мерзімі, кепілді міндеттемелер, құрылыстыӊ егжей-тегжейін, тіпті қиыршық тастыӊ диаметрі, асфальт төсемініӊ қалыӊдығы туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кез келген адам осы процесстерді тәулік бойы бақылай алады, оларды құжаттамамен тексеріп, сәйкессіздіктер туындаған жағдайда тиісті фотолар мен бейнематериалдарды тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлай алады.

Сонымен қатар, ресурс жұмсалған қаражатты автоматты түрде талдайды және ұқсас объектілермен салыстырады.

Шамадан асып кету немесе шығындарды азайту жағдайында жүйе қауіп-қатер аймақтарын көрсетеді, осылайша қоғамдық бақылауды автоматтандырады.

Оныӊ үстіне, деректерді сараптау нақты мемлекеттік органныӊ басшысыныӊ артынан белгіленген мердігерлердіӊ жүруі және тендерден жеӊімпаз атануы бойынша командалық ауысуларды тоқтатуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жүйе мердігерлердіӊ жұмыс сапасын бағалауға және түсініктеме беруге ғана емес, сондай-ақ сатып алуға бір қатысушыныӊ бірнеше рет жеӊімпазы болған жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.

Жоба авторларыныӊ айтуынша, картада Мемлекет басшысыныӊ мемлекеттік органдар қызметініӊ ашықтығын арттыруға және ақпаратқа қолжетімділікті жеӊілдетуге бағытталған Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамалары толық көрініс тапқан.

Болашақта жоба азаматтарға бюджет шығындарын бақылап қана қоймай, белгілі бір салаларға қаражат бөлуге бастамашылық жасауға мүмкіндік беретін болады.

"QLT" ЖШС директоры Дәурен Салиповтыӊ айтуынша, бұл жоба әлеуметтік бағдарланған.

Жобаны әзірлеушілер азаматтарға өнімді неғұрлым белсенді пайдалануларын сұрап, жұмыста немесе деректерде қателіктер табылған жағдайда ұсыныстар жолдауын сұрады.

"Бұл теӊдесі жоқ жаӊа ресурс. Біз оны нөлден бастадық, сондықтан бастапқы кезеӊде жүйеніӊ икемділігі мен ресурстық әлеуетіне байланысты түзететін және дамытатын кемшіліктер болуы мүмкін" деді Дәурен Салипов.

Карта publicbudget.kz сайтында қол жетімді.

Жоба авторларыныӊ айтуынша осы тектес картаны еліміздіӊ барлық өӊірлерінде енгізу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны