28.05.2013, 11:07 11655

Астанада контрафактілік өнімдер жасалған астыртын цех жабылды

Цех 1963 жылы туған Астана қаласы тұрғынының бір бөлмелі пәтерінде орналасқан. Оның сөзіне қарағанда бұл өнімдер қаладағы базарларда сату үшін дайындалыпты.

Астана. 28-мамыр. Kazakhstan Today - Астанада контрафактілік өнімдер жасалған астыртын цех жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана 0аласы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада контрафактілік аудио және видео өнімдер жасалған астыртын цехтың жұмысы тоқтатылған.

Цех 1963 жылы туған Астана қаласы тұрғынының бір бөлмелі пәтерінде орналасқан. Оның сөзіне қарағанда бұл өнімдер қаладағы базарларда сату үшін дайындалыпты.

Полиция қызметкерлері пәтерді тінту кезінде 2 процессор, 2 түрлі-түсті принтер, 1434 DVD-диск, фотоқағаз, фильмнің атаулары жазылған полиграфиялық өнімдер мен "таза" дисктерді тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны