12.02.2013, 14:16 3165

Астанада мамыр айында "Astana Invest 2013" IV Халықаралық инвестициялық форумы өтеді

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылғы 24 мамырда Тәуелсіздік сарайында VI Астана экономикалық форумының аясында "AstanaInvest 2013" IV Халықаралық Инвестициялық форумы өтеді, деп айтылған ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Астана. 12-ақпан. Kazakhstan Today - Астанада мамыр айында "Astana Invest 2013" IV Халықаралық инвестициялық форумы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылғы 24 мамырда Тәуелсіздік сарайында VI Астана экономикалық форумының аясында "AstanaInvest 2013" IV Халықаралық Инвестициялық форумы өтеді, деп айтылған ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Қолайлы инвестициялық климатты жақсарту және қала экономикасына отандық және шетелдік инестициялардың ағымын ынталандыру, Қазақстан Респібликасы әлемнің бәсекеге қабілеттің елу елінің қатарына кіру Стратегиясы аясында "Астана - Қазақстанның бас қаласы" брендін қалыптастыру және алға жылжыту форумның мақсаты боп табылады.

Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, форумға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың, даму институттарының, шетелдік компаниялардың, қаржы институттарының,елорданың ірі және орта бизнесінің 500-ге тарта өкілі қатысады.

Шара барысында қазақстандық бас қалада бизнесті жүргізу жағдайлары, инвесторларға арналған мемлекеттік қолдаулар шарасы және ҮИИД бойынша мемлекеттік бағдарлама талқыланады.

"ASTANA INVEST 2013" қатысушыларының назарына нақты инвестициялық жобалар, сондай-ақ, экономиканың түрлі салалары бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде жүзеге асуы жоспарланған жобалар ұсынылады.

2012 жылы өткен "ASTANA INVEST 2012" форумы кезінде серіктестік туралы 7 меморандумға қол қойлып, 1 инвестициялық ұсыныс түсті.

"Кезекті халықаралық инвестициялық форумды өткізу - бұл инвесторлармен серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға және Астана қаласының қажеттілігіне сай әлеуетті жобаларды жүзеге асырудың тағы бір мүмкіндігі", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны