30.01.2008, 18:43 2917

Астанада неміс журналисін соққыға жығып, тонаған күдіктілер ұсталды - Астана ішкі істер департаменті

Астанада неміс журналисін соққыға жығып, тонаған күдіктілер ұсталды - Астана ішкі істер департаменті

Астана. 30-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада неміс журналисін соққыға жығып, тонаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Астана қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Аталмыш қылмысты жасағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданының Астанаға ақша табу мақсатында келген үш тұрғыны ұсталды",- деп айтылған Астана қаласының Ішкі істер департаментінің таратқан баспасөз баянында.

"Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі өзінің "ВАЗ-2106" жеке көлігімен адам тасымалдаумен айналысқан",- деп көрсетілген баспасөз баянында.

"Қылмыс жасалған түні (үстіміздегі жылдың 20-қаңтарында - агенттік тілшісінің ескертпесі) жәбірленуші Германия азаматы Маркус Бенсман Сарыарқа көшесінің бойымен жүріп келе жатқан осы көлікті тоқтатып, күдіктіден өзін "Абай" қонақ үйіне жеткізіп салуын сұраған. Клиенттің шетелдік екендігін және де қатты мас екендігін білген күдікті оны тонамақ болып шешкен",- деп түсіндірді Ішкі істер департаментіндегілер.

"Ол осы мақсатта жәбірленушіні Софиевский тасжолының бойындағы айыппұл автотұрағының маңына апарып, оны соққығы жыққан, осыдан кейін оның киімдері мен ақшасын тартып алып, жәбірленушіні есін білмейтін күйде қалдырып, оқиға болған жерден бой тасалаған",- деп көрсетілген тергеу болжамы баспасөз баянында.

"Қазіргі уақытта күдіктілер Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Уақытша тергеу изоляторына қамалды. Аталмыш дерек бойныша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 78-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр",- деп көрсетілген құжатта.

Бұрын хабарлағанымыздай, "жәбірленуші тоналғаннан кейін бірнеше сағат қақаған аязда қалып, қол-аяқтарын қатты үсік шалған болатын".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны