29.06.2006, 14:21 3148

Астанада опера және балет өнерінің халықаралық фестивалі өтеді

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Астанада шілденің 1 мен 6 аралығында опера және балет өнерінің “Опералия” деп аталатын халықаралық фестивалі өтеді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының директоры Төлеубек Илпиев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Осындай фестиваль өткізу дүниежүзілік музыка қоғамдастығының назарын Қазақстан Елордасына тартуға септігін тигізеді”,- деді Т.Илпиев.

Оның айтуынша, “фестивальға атақты опера солистері қатысады. Атап айтсақ, Ресейден Дмитрий Хворостовский, АҚШ-тан Андреа Бейкер, Мексикадан Хуэль Монтеро, Түркиядан Эрдем Байдар келеді».

Сонымен бірге фестиваль аясында Джакомо Пуччинидің «Тоска» операсының мен Англия сазгері Карл Дженкинстің “Тлеп” атты вокалды-инструменталдық шығармасының премьерасы өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны