12.06.2008, 16:12 1636

Астанада президенттің мәдени орталығының базасында Қазақстан мемлекеттілігінің мұражайы құрылады - мәдениет және ақпарат министрі

Астанада президенттің мәдени орталығының базасында Қазақстан мемлекеттілігінің мұражайы құрылады - мәдениет және ақпарат министрі

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада президенттің мәдени орталығының базасында Қазақстан мемлекеттілігінің мұражайы құрылады. Бұл туралы бүгін министрлікте өткен алқа мәжілісінде еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Президенттің мәдени орталығының базасында Қазақстанның жаңа тарихының мұражайын құру қажет. Жобаны ағымдағы жылы жүзеге асыруға кірісу керек", -деді министр.

Астанадағы президенттің мәдени орталығы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2001 жылы құрылған. Орталыққа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайы мен С.Сейфуллин атындағы республикалық бұқаралық кітапханасының қоры берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны