07.09.2018, 23:15 5647

Астанада "Qazaq Latyn Keyboard" мобильді-қосымшасы мен "RESMIHAT.KZ" онлайн-порталыныӊ тұсаукесері өтті

"RESMIHAT.KZ" ақпараттық-анықтамалық порталыныӊ мақсаты - мемлекеттік басқару, әкімшілік аумақтық басқару жүйелері мен қоғамныӊ түрлі қызмет салаларындағы мамандарды іс-қағаздарын қазақ тілінде әзірлеуге үйрету-дағдыландыру болып табылады.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік тілді дамыту қорыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында әзірлеген екі цифрлық жобасы - смартфондар мен планшеттерге арналған латын әріптерімен қазақша пернетақта "Qazaq Latyn Keyboard" мобильді-қосымшасы мен "RESMIHAT.KZ" онлайн-порталыныӊ тұсаукесері өтті. Жобалар ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ қоры және "Samruk-KazynaTrust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорыныӊ қолдауымен әзірленді.

Іс-шараға ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы қоры Атқарушы директорыныӊ орынбасары Сұлтан Айтжанов, "Samruk-KazynaTrust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорыныӊ ресми өкілі, басқарушы директоры Лима Диас пен Мемлекеттік тілді дамыту қорыныӊ директоры Азат Шауеев қатысты.

Сұлтан Айтжанов кіріспе сөзінде: "Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі мәселесіне ерекше көӊіл бөліп келеді. "Рухани жаӊғыру" бағдарламасында Елбасы латын әліпбиіне кезеӊ-кезеӊмен көшу мерзімін айқындады. Бүгінде әлемдік ақпараттыӊ 70% латын әліпбиімен таратылады. Біз бәсекеге қабілетті болу үшін қазіргі заманныӊ ақпараттық кеӊістігіне енуіміз қажет. "Qazaq Latyn Keyboard" қосымшасы жастардыӊ жаӊа әліпбиімізді тез үйренуіне септігін тигізетін болады" - деді.

"Qazaq Latyn Keyboard" жобасы қазақ тілін латын пернетақтасы арқылы барлық мобильді қосымшаларда қалыпты қолдануға мүмкіндік береді. Қолданушыларға ыӊғайлы болу үшін пернетақта жиынтығыныӊ транслитерациясы жасалды. Бағдарлама көмегімен кириллицамен терілген қазақша мәтін автоматты түрде латын графикасына аударылады. "Qazaq Latyn Keyboard" қосымшасыныӊ артықшылықтары ретінде: пернетақтадағы қолайлы латын әліпбиі, интерфейс тілін таӊдау, оӊай орнату, тақырыптарды таӊдау, әзірлеушілермен кері байланыс, пайдаланушылардыӊ пікірлері мен рейтингін біліп отыру мүмкіндіктері мен Қордыӊ өзге жобалары мен әлеуметтік желідегі топтарына жасалған сілтемелерін атап өтуге болады. Бұл қосымшаны пайдаланушылардыӊ барлығы дерлік еш қиындықсыз пайдалана алады. Болашақта пайдаланушылардан түскен ұсыныстар бойынша жобаны жақсарту және жетілдіру көзделеді. Қосымшаны App Store және Android-та жүктеп алуға болады.

"RESMIHAT.KZ" ақпараттық-анықтамалық порталыныӊ мақсаты - мемлекеттік басқару, әкімшілік аумақтық басқару жүйелері мен қоғамныӊ түрлі қызмет салаларындағы мамандарды іс-қағаздарын қазақ тілінде әзірлеуге үйрету-дағдыландыру болып табылады. Порталда іскери хат алмасу тілі мен ерекшеліктеріне, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманы толтыру, ақпараттық анықтамалық құжаттарды жүргізу ережелеріне, құжат мәтіндерін біріздендіруде тілдік құралдарды дұрыс қолдану қағидалары мен тілдік емлелеріне ерекше көӊіл бөлінеді.

Азат Шауеев брифингте сөйлеген сөзінде: "RESMIHAT.KZ" онлайн-порталында қамтылған ресми құжат мәтіндері: тіл құрылымдарыныӊ тұрақтылығы, арнайы терминологияны пайдалану жиілігі, стилистикалық бейтараптылығы, жекелеген жіктелімдер бойынша мәтін құрылымыныӊ ұқсастығы секілді функционалдық ерекшеліктерімен сипатталатынын атап өтті. Сайтты әзірлеу барысында біз осы факторларды ескеруге, іс қағаздарын әзірлеуде ресми стиль ерекшеліктерін түсіне отырып, үлгі-нұсқалармен, емле-ережелермен таныса отырып, сауатты жазуға дағдыландыруға күш салдық" - деді.

Порталдыӊ мақсаты әр түрлі құжаттардыӊ дайын үлгілерімен таныстырып қана қоймай, қазақша құжат жазуға үйрету болып табылады. Сайт жасауда интерактивті функцияларға ерекше көӊіл бөлінді. Сайттыӊ интерактивті компоненттері: грамматикалық тұлғалар мен конструкцияларды дұрыс жазуға мүмкіндік беретін функциялар жиынтығы, сөз тіркестерініӊ аудармасын мәтін ішінде табу мүмкіндігі, дайын шаблондар мен клише тұлғалар жиынтығы, зат есімдерді септеу мен етістік тұлғаларын шақтық түрлендірудіӊ автоматтандырылған әдістері құжат әзірлеуде практикалық дағдыларды қалыптастыруға, сауатты жазуға көмектеседі.

Құжаттар .doc және .pdf форматында жасалады, оларды дискіге сақтауға, электрондық поштамен жіберуге немесе принтер арқылы басып шығаруға болады. Портал үнемі жаӊартылып, жаӊа құжаттармен, қазақша іс жүргізуге қажетті әдістемелік нұсқаулармен, ережелермен және өзге де пайдалы материалдармен толықтырылып отыратын болады. Сайттыӊ бөлімдері: Іс қағаздарыныӊ түрлері, Іскери хат алмасу, Нормативтік база, Ғылыми мәтін, Идістемелік көмек, Анықтама бөлімі.

"RESMIHAT.KZ" жобасы бета-тестілеу сатысында сыналып жатыр.

Брифингтіӊ соӊында ұйымдастырушылар журналистер арасында викторина мен латын әліпбиіндегі мәтіндерді жедел оқу сайысын өткізді. Жеӊімпаздар естелік сыйлықтарға ие болды.

Мемлекеттік тілді дамыту қорыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны