01.10.2018, 14:31 4466

Астанада "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ даму перспективалары талқыланды

28 қыркүйек күні Астанада ҚР Қоғамдық даму министрлігініӊ ұйымдастыруымен "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы: іске асыру нәтижелері мен даму болашағы" тақырыбында өӊірлердіӊ қатысуымен семинар-кеӊес өтті.

Астана. 1 қазан. Kazakhstan Today - 28 қыркүйек күні Астанада ҚР Қоғамдық даму министрлігініӊ ұйымдастыруымен "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы: іске асыру нәтижелері мен даму болашағы" тақырыбында өӊірлердіӊ қатысуымен семинар-кеӊес өтті.

Семинар-кеӊес аясында ҚР Президент Икімшілігі Ішкі саясат бөлімініӊ меӊгерушісі А.Балаева, ҚР Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Д.Абаев, ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі А.Райымқұлова, Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерініӊ орынбасарлары сөз сөйледі.

Семинар-кеӊестіӊ жұмысын ашқан ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Мемлекет басшысыныӊ бастамасымен қолға алынған "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы- халықтыӊ өткені, бүгіні мен болашағын байланыстыруға бағытталған ауқымды платформа екендігін атап өтті.

"Аталған бағдарлама барша халыққа арналған және онда қоғам өмірініӊ барлық саласы қамтылған. Сондықтан бағдарламаға барша құрылымдардыӊ белсенді қатысуын қамтамасыз етуіміз қажет", - деді Дархан Кәлетаев.

Сондай-ақ, ҚР Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыруда әлеуметтік желілердіӊ әлеуетін кеӊінен пайдалану, Сарапшылар кеӊестерін тарту, креативті топтармен өзара іс-қиымылды күшейту сияқты және т.б. бірқатар нақты ұсыныстар айтты.

Семинар-кеӊес жұмысы 29 қыркүйекке дейін жалғасты және іс-шара аясында панельдік сессиялар өткізілді.

Панельдік сессиялардыӊ тақырыптары: "Туған жер", "100 жаӊа есім", "Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы", "Латын әліпбиіне көшу" және "Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқу құралы".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны