03.10.2018, 19:16 4978

Астанада "Руханият тіректері" атты тақырыптық кітап көрмесініӊ ашылуы өтеді

"Рухани тіректері" көрмесі әлемдік діндердіӊ қасиетті кітаптарын, ғылыми монографияларды, өнер және сәулет тарихтарына арналған еӊбектерден тұратын 200-ден астам басылымды ұсынады.

Астана. 3 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 4 қазан күні Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасында жақын арада өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерініӊ VI съезіне арналған "Руханият тіректері" атты тақырыптық кітап көрмесініӊ ашылуы өтеді.

Көрменіӊ ашылу рәсімінде Елбасы кітапханасы директорыныӊ бірінші орынбасары, саяси ғылымдарыныӊ докторы, профессор Имірхан Рахымжанов пен қоғам қайраткері, философия ғылымдарыныӊ докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім алғысөз сөйлейді.

Ирбір үш жыл сайын Астанамызда аса ықпалды дін өкілдерініӊ басын қосып, халықаралық деӊгейде бірлескен шешімдерді қабылдауды талап ететін мәселелерді күн тәртібіне шығаратын әлемде теӊдесі жоқ бірегей форум болып табылатын Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерініӊ тарихы бойынша ауқымды дереккөздер кешені Елбасы кітапханасында жинақталған. Елбасы кітапханасыныӊ жинағында рухани мәдениеттіӊ шынайы раритеттерін қамтитынкітаптар топтамасы ерекше орын алады.

Илемдік және дәстүрлі діндер, философиялық ілімдер мен тәжірибелер тарихыәлемніӊ көптеген ғалымдарыныӊ қызығушылығын оятады. "Рухани тіректері" көрмесі әлемдік діндердіӊ қасиетті кітаптарын, ғылыми монографияларды, өнер және сәулет тарихтарына арналған еӊбектерден тұратын 200-ден астам басылымды ұсынады. Мазмұны және жанр жағынан әрқилы басылымдар діндердіӊ пайда болуы мен даму тарихымен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар, уақыт және кеӊістік аясында діни дәстүрлердіӊ сабақтасытығын да көрсетеді. Ұсынылған ауқымды кітаптар жинағы әрқайсысы "руханият тірегі" болып табылатын әлемдік және дәстүрлі діндер туралытолық мәліметалуға мүмкіндік береді.

Құрандар коллекциясы Елбасы кітапханасы музей жинағыныӊ мақтанышы болып табылады. Бұл жинақтыӊ аса ерекшелігі - көрмеге ұсынылатын кітаптар арасында кітапхананыӊ сирек қорындағы XVIII-XIX ғасырларда шыққан түпнұсқалық басылымдардыӊ болуы. Басылымдардыӊ басым бөлігі Елбасымыз Н.И. Назарбаевқа шет мемлекеттер өкілдерінен дипломатиялық сый ретінде ұсынылған. Ир кітаптыӊ безендірілуі - әлемдік мәдени мұраныӊ ажырамас бөлігі болып табылатын дәстүрлі ислам мәдениетініӊ қайталанбас бейнелерін қамтитын зергерлік, көркемдік және каллиграфиялық шебер әдіспен өӊделген.

"Руханият тіректері" көрмесі 2019 жылғы 30 қаӊтарға дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны