10.07.2018, 18:11 5129

Астанада "Сау әдеттер марафоны" акциясы өтеді

Акция аясында онколог, кардиолог, фтизиатр, рентген-лаборант, эндокринолог, педиатр, салауатты өмір салты мамандарын тартумен мобильді медициналық бригадалар жұмыс істейді. Бейінді мамандар тұрғындарға консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді.

Астана. 10 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 11 шілдеде сағ. 18.00-де "Жерұйық" демалыс саябағында "Денсаулық кепілі - Будь здоров!- Be healthy!" ұранымен "Сау әдеттер марафоны" акциясы өтеді.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық орталығы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

Акцияныӊ қатысушылары: қалалық маслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, медициналық қоғамдастық, спортшылар, үкіметтік емес ұйымдар жіне белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдар.

Акция аясында онколог, кардиолог, фтизиатр, рентген-лаборант, эндокринолог, педиатр, салауатты өмір салты мамандарын тартумен мобильді медициналық бригадалар жұмыс істейді. Бейінді мамандар тұрғындарға консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді.

Құрметті қонақтар қатарында қазақстандықтардыӊ арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға үлес қосқанардагерлер, атақты спортшылар, әртістер, мысалы: Арманжан Рузахунов, ҚР-да бірінші бразилиялық джиу-джитсу бойынша бірінші қара белбеу, бразилиялық джиу-джитсу бойынша әлем чемпионы және т.б. Сау әдеттер марафоны аясында дастарханнан тұз солонкасын алып тастау; тәулігіне 2 литр су ішу; күнделікті 10 000 қадам жүру сияқты ұсыныстар жасалады.

Ирбір ниет білдіруші марафонға қатысып, достарын, туған-туысқандарын, әріптестерін, таныстарын өзініӊ таӊдауы бойынша фастфуд жемеуге, кола ішпеуге, тәтті тағамдардан бас тартуға, жеміс-жидектер таӊдауға, 100 рет сергіту жаттығуларын жасауға және эстафетаны арықарай "Ал Сіздіӊ қолыӊыздан келе ме" деп үндеуіне болады.

Марафон бүкіл елімізде "Денсаулық жолы" аясында өтеді және ауруларды ерте диагностикалауға, қарапайым ережелерді сақтау жолымен денсаулықты сақтауға және өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Іс-шара бағдарламасында флэшмоб, шатыр астында Денсаулық қалашығыныӊ жұмысы, шұғыл жәрдем дағдыларына үйрету және т.б. іс-шаралар жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны