11.04.2016, 20:34 4198

Астанада "Шанхай" базарында өрт шықты

Астана ІІД баспасөз қызметініӊ мәліметінше, Алаш көшесінде орналасқан "Шанхай" базарында контейнердіӊ өртенгені туралы хабарлама сағат 17.52-де түскен

Астана. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада "Шанхай" базарында өрт шықты, контейнерлердіӊ бірінде рубероид (мұқаба қағаздан жасалған су өтпейтін, шірімейтін жабын) жанған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астана ІІД баспасөз қызметініӊ мәліметінше, Алаш көшесінде орналасқан "Шанхай" базарында контейнердіӊ өртенгені туралы хабарлама сағат 17.52-де түскен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Оқиға орнына келген кезде контейнерлердіӊ біріндегі құрылыс материалы - рубероидтыӊ жанып жатқаны анықталды. Өрт шарпыған алаӊ 15 шаршы метрді құрады. Жалын 18.03-те ауыздықталды, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады полициядан.

Шығын сомасы анықталу үстінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны