14.08.2017, 18:58 4577

Астанада "Сырдария - Жырдария" атты өнер шеберлерініӊ гала - концерті өтеді

Концертте би ансамбльдері, жыршы, термешілер, қазақ эстрадасыныӊ жұлдыздары - Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Серік Ибрагимов және т.б өнер көрсетеді.

Қызылорда. 14 тамыз. Kazakhstan Today - 14 тамыз күні Астанадағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ амфитеатрында қазақ эстрадасыныӊ жұлдыздары мен Сыр өӊірі өнерпаздарыныӊ қатысуымен "Сырдария - Жырдария" атты өнер шеберлерініӊ гала - концерті өтеді.

Концертте би ансамбльдері, жыршы, термешілер, қазақ эстрадасыныӊ жұлдыздары - Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Серік Ибрагимов және т.б өнер көрсетеді.

Гала-концерт аясында халықаралық ғарыш станциясындағы 52-экспедиция экипажымен телекөпір өткізіліп, ғарышкерлер Федор Юрчихин мен Сергей Рязанский Астана қаласыныӊ тұрғындары мен қонақтарына ғарыштан сәлем жолдайды.

Дәл осы күні қызылордалық шахматшы, облыс тарихындағы алғашқы ФИДЕ шебері, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2 дүркін Илем чемпионы Исел Серікбай 15 тақтада бір мезгілдік сеанс өткізеді. Сеанс 14 тамыз сағ. 15.30-да Астана қаласыныӊ шахмат клубында (Асанқайғы көшесі, 2) өтеді.

Естеріӊізге сала кетейік, Астанада "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз күндері Қызылорда облысыныӊ мәдени күндері өткізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны