07.09.2015, 16:09 4907

Астанада Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеӊестіӊ 28-ші отырысы өтті

2015 жылғы 7 қыркүйекте Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығыныӊ Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеӊестіӊ (ТМД ТЖ жөніндегі МАК) XXVIII отырысы өтті.

Астана. 7 Қыркүйек. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 7 қыркүйекте Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығыныӊ Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеӊестіӊ (ТМД ТЖ жөніндегі МАК) XXVIII отырысы өтті. Отырысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініӊ орынбасары Ерлан Заманбекұлы Тургумбаев ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырыстыӊ жұмысына ТМД Атқару комитеті төрағасыныӊ орынбасары - Атқарушы хатшысы, Азербайжан Республикасынан, Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Тәжікстан Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан ТМД ТЖ жөніндегі МАК мүшелері қатысты.

ТЖ жөніндегі МАК төрағалығы Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетініӊ төрағасы Валерий Викторович Петровқа тапсырылды.

Отырыс барысында қатысушылар 2014-2015 жылдардағы Кеӊес қызметін қорытындылап, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ынтамақтастықты одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады. ішінара ТЖ туралы өзара құлақтандыру, ынтамақтастықтыӊ шартты-құқықтық базасын жетілдіру мәселелері қаралды. Төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және оларды жою саласында кадрларды даярлау және оқыту мәселесіне ерекше көӊіл бөлінді.

Сонымен қатар қатысушылар МАК-тыӊ 2015-2015 жылға арналған негізгі шаралар жоспарын бекітті.

Мемлекетаралық кеӊестіӊ келесі отырысын Ресей Федерация аумағында өткізу туралы шешім қабылданды.

Отырыс ТЖ жөніндегі мемлекетаралық кеӊестіӊ хаттамасы мен шешіміне қол қою рәсімімен аяқталды.

Сонымен қатар іс-шара аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ ғылым және жоғары технология саласындағы негізгі ұйымыныӊ ғылыми-үйлестіруші кеӊес отырысы өткізілді.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны