10.12.2007, 09:57 1864

Астанада тасқын маусымы басталмай тұрып уақытша бөгендер тұрғызу қажет - ТЖМ

Астанада тасқын маусымы басталмай тұрып уақытша бөгендер тұрғызу қажет - ТЖМ

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада сол жақ жағалаудың су астында қалуының алдын алу үшін тасқын маусымы басталмай тұрып уақытша бөгендер тұрғызу қажет деп санайды еліміздің төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, В. Божко "Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суынан қорғау" нысандарының құрылысын салу бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан құрылыс алаңдарында болды.

"Министр құрылыс жұмыстарын мақұлдап, тасқын басталғанға дейін уақытша бөгендер тұрғызу, соның ішінде басты нысанның маңында да уақытша бөгендер тұрғызу үшін құм төгу қажетттігін атап өтті", - делінген министрліктің хабарламасында.

"Бұл құрылыстың маңызы аса зор, өйткені, өткізу қабілетінің төмендігіне байланысты тасқын суы өзеннің табиғи арнасына сыймай, қала аумағын алып кетеді, әсіресе Елордасының сол жақ жағалауы қатерлі, бұл жерде 1948-1949 жылдары жойқын су тасқыны болған. Соның салдарынан аса маңызды малшаруашылық жайылымдары су астында қалған. Ал қазір сол жерде Астанадағы жаңа нысандар бой көтерді", - деп еске салады ТЖМ.

Қазір Астанада өткізгіштік қабілеті секундына 450 текше метр болатын су жіберу құрылғысы, Күйгенжер ауылы мен Майбалық көлінің оңтүстік жағалауының арасында ұзындығы 31 шақырымдық бөгет салынуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны