02.08.2012, 12:59 3146

Астанада тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жаңа үйлер салынды

2012 жылдың І жартыжылдығында Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы №188 көшеде көппәтерлі 6 тұрғын үй іске қосылды.

Астана. 2-тамыз. Kazakhstan Today - Астанада тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жаңа үйлер салынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың І жартыжылдығында Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы №188 көшеде көппәтерлі 6 тұрғын үй іске қосылды.

Құрылыс салушылардың ақпараты бойынша, № 19/1 және 19/2 үйдің әрқайсысында жалпы ауданы 4,5 мың шаршы метрдің 107 пәтері салынса, № 19/3 және 19/4 үйде 60 пәтерден салынды. Қазіргі таңда 19/1 және 19/2 үйлердің 70 пайызында адамдар тұрып жатыр, қалған екі үйдің тұрғындары қоныс тойларын жақында тойлайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны