18.09.2007, 11:16 1407

Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысы басталды

Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысы басталды.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". - Астанада "Бейбітшілік және келісім сарайында" Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысы басталды.

Екі күнге созылатын отырыс ҚР парламенті сенатының төрағасы, Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді.

Отырыс барысында қатысушылар Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері III Съезінің тақырыбы және күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды талқылап; Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері III Съезінің қорытынды құжаттарын анықтау және әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру жайын қарастырып; съез хатшылығының VII отырысын өткізетін орын мен уақытын анықтайды; Сондай-ақ, онда Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысының хаттамасы қабылданады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, Илемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ съезі Астанада 2006 жылдың қыркүйек айында өткен. Оған 20 елден 40-тан аса делегация қатысты. Форумға қатысушылар арасында ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және басқа да Илемдік және дәстүрлі діни конфессиялардың өкілдері қатысты. Сонымен бірге, сьезге БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы , ЮНЕСКО өкілдерінен құрметті қонақтар қатысты.

Өткен форумда халықаралық қауіпсіздікке, шиеленістерді шешудегі діндердің роліне , діни сенім еркіндігіне қатысты мәселелер талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны