30.10.2008, 18:44 3375

Астанада үш мың мүгедек жан баспана кезегінде тұр

Астанада үш мың мүгедек жан баспана кезегінде тұр

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада үш мың мүгедек жан баспана кезегінде тұр. Бұл туралы "Мүгедек жастар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Ибдімомынов бүгін өткен дөңгелек үстел барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мүгедектердің баспана проблемасын осы санаттағы адамдарға тегін жер телімдерін бөлу арқылы шешу жөніндегі балама жолды ұсына аламыз. Қалада мүгедектер үшін ең ары кеткенде 50-100 пәтер салынады. Ал кезекте тұрған мүгедектер саны үш мыңға жуық. Осындай кезекпен олар 250 жылда баспана алатыны айқын", -деді Мұрат Ибдімомынов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны