01.12.2012, 16:19 2888

Астанада V Жалпыұлттық Қазақстан патриоттарының форумы өтуде

Форум жыл сайын өздерінің білімін, белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымдарын, ерлігі мен батырлығын көрсете отырып, еліміздің қарыштап дамуына үлес қосатын, оны көркейтуге құштар нағыз қазақстандық патриотизмге ие мыңдаған отандастарымызды біріктіреді. Шара үздік спортшылар, еңбек сіңірген әртістер, танымал жаңашыл ғалымдар, жоғары кәсіби мамандар, қоғамдық пікір көшбасшылардың басын қосады.

Астана. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астана қаласында бүгін, ҚР Тұңғыш Президенті күні "Менің Қазақстаным" V Жалпыұлттық Қазақстан патриоттарының форумы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Форум жыл сайын өздерінің білімін, белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымдарын, ерлігі мен батырлығын көрсете отырып, еліміздің қарыштап дамуына үлес қосатын, оны көркейтуге құштар нағыз қазақстандық патриотизмге ие мыңдаған отандастарымызды біріктіреді. Шара үздік спортшылар, еңбек сіңірген әртістер, танымал жаңашыл ғалымдар, жоғары кәсіби мамандар, қоғамдық пікір көшбасшылардың басын қосады.

Дәстүр бойынша форумға қатысушылар "Жан жүрегім Қазақстан", "Асқақ азаматтық", "Илем таныған Қазақстан", "Биікке самғаған Қазақстан" номинациялары бойынша марапатталатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны