13.05.2014, 20:50 1900

Астанада веложол мен жағажай аймағын дамытуға арналған серуендеу кестесі жасалды

"Онда көлікке арналған автотұрақ, жалға беру нүктесі, шағын және орта кәсіпкерлікке арналған тауарлар мен қызметтердің барлығы қарастырылады", - деді В. Силецкий.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Астанада веложол мен жағажай аймағын дамытуға арналған серуендеу кестесі жасалды. Осыған орай, Сарыарқа көпірінен Тельман елді-мекеніне дейінгі аралықта веложол серуен кестесі жасалды. Онда жағажай аймағын дамыту, веложолды денешынықтыру-сауықтыру ретінде қарастыру жоспарланған.

"Онда біз көлікке арналған автотұрақ, жалға беру нүктесі, ШОБ арналған тауарлар мен қызметтердің барлығы қарастырылады.Жолдың ұзақтығы 22 шақырымды құрайды. Онда соңғы нүктеге дейін барып-келуге жол ыңғайланып төселеді. Оған қоса, веложол 8 бөлікке бөлінген. Ир бөлікке жоспар құрылған. Айталық бірі Ильинка елді-мекенінде салынады. Ескі қалада веложолды жағажай маңында төсейміз. Алайда оны қалада пайдалану үшін нормативтерге өзгерістер енгізу қажет. Жалпы міндет пен мақсат әлемдегідей - адамдардың назарын қоғамдық көлікке аудару үшін барлық жағдайды жасау. Ол үшін біз қазір БРТ(арнайы бөлінген жолақпен жүретін жедел автобустар) мәселесін қолға алудамыз, одан әрі жайлы жолмен аз уақытта көздеген жерге жетуге бағытталған ЖРК (жеңілрельсті көлік), су көлігі, экотакси, экоавтобустарды енгізетін боламыз" - дейді Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий.

Оның айтуынша, жолдың ұзақтығы 22 шақырымды құрайды.

"Онда көлікке арналған автотұрақ, жалға беру нүктесі, шағын және орта кәсіпкерлікке арналған тауарлар мен қызметтердің барлығы қарастырылады", - деді В. Силецкий.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны