27.06.2014, 20:50 5604

Астанада жаңа мешіт ашылды

Айта кетейік, бұл мешіттен басқа Астанада тағы да жеті мешіт бар. Қазіргі уақытта 4 мешіттің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Алматы. 27 маусым. Kazakhstan today. Бүгін "Пригородный" тұрғын үй алабындағы Арнасай көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан жаңа мешіт ашылды.

Ғимарат экологиялық таза жылусақтағыш қабырға материалынан тұрғызылды. Жалпы аумағы 1 087 шаршы метрлік мешіттің сыйымдылығы 1500 адам. Жуынатын (дәрет алу) бөлме қабырғалары мен еденге мәрмәр тақтайша төселді. Мешіттің басқа ішкі бөлмелерінің қабырғалары шығыс стиліндегі суреттермен безендірілген, ал еденіне керамогранит тақта төселді.

Айта кетейік, бұл мешіттен басқа Астанада тағы да жеті мешіт бар. Қазіргі уақытта 4 мешіттің құрылысы жүргізіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны