19.06.2015, 14:36 4194

Астанада жаӊа жағажай ашылады

Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ мәліметіне сәйкес, елордада жаӊа жағажайдыӊ құрылысы жүзеге асырылады. Жазғы демалыс орны Күйгенжар ауылында салынады.

Астана. 19 Маусым. Kazakhstan Today - Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ мәліметіне сәйкес, елордада жаӊа жағажайдыӊ құрылысы жүзеге асырылады. Жазғы демалыс орны Күйгенжар ауылында салынады. Сыйымдылығы 2250 адамды құрамақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өткізілу үстінде, қорытынды 10 шілдеде шығады деп күтілуде, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Жоспар бойынша жағажай бірнеше аумақтан тұратын болады. Бірінші аумаққа жалпы ауданы 2,05 гектарлық акватория және ұзындығы 470 метрлік жағалау кіреді. Екінші аумаққа жалпы ауданы 1,46 гектарды құрайтын құмшауыт жағажай енеді. Ол жерде шезлонг, қолшатыр, кереует секілді барлық қажеттіліктер орнатылады.

Жағажайда мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ суға түсуі де қарастырылмақ. Осы мақсатта арнайы пандус жасалады. Балалар үшін тереӊдігі 0,5-0,7 метрден аспайтын суға түсу аумаға болады. Қауіпсіздік мақсатында жағалау бойында құтқару мұнаралары салынады.

Сонымен қатар, тағы бір қосымша аумақ жасау көзделген. Оған халыққа қызмет көрсету мекемелері, демалыс орындары, үйлер, жасыл алқап, медпункт, құтқарушылар бекеті енеді. Белсенді демалысы ұнататындар үшін спорттық аумақ салынады. Аталмыш аумақта стритбол, үстел теннисі, скейтбординг, волейбол, шағын футбол, бадминтон секілді бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануға болады.

Басқарманыӊ хабарлауынша, аталмыш жағажай келесі жылы жазда пайдалануға берілмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны