14.09.2016, 12:03 1911

Астанада "Жасыл көпір - "жасыл" технологияларға, инновациялар мен қолжетімді энергияға көпір" атты халықаралық конференциясы өтуде

Конференция "жасыл экономика" саласы, "жасыл" технологияларды енгізу бойынша халықаралық тәжірибемен алмасу, алдыӊғы қатарлы "жасыл" технологиялардыӊ трансферті және тәжірибелері, "жасыл" өсімді дамыту және бизнесті жасылдандыру мәселелерін талқылайтын диалог алаӊы болып табылады.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша "жасыл" экономиканы ілгерілетуге арналған "Жасыл көпір - "жасыл" технологияларға, инновациялар мен қолжетімді энергияға көпір" атты халықаралық конференциясы өтуде, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Конференция "жасыл экономика" саласы, "жасыл" технологияларды енгізу бойынша халықаралық тәжірибемен алмасу, алдыӊғы қатарлы "жасыл" технологиялардыӊ трансферті және тәжірибелері, "жасыл" өсімді дамыту және бизнесті жасылдандыру мәселелерін талқылайтын диалог алаӊы болып табылады.

Конференция шеӊберінде Жасыл технологиялардыӊ халықаралық орталығын құру, сондай-ақ "Жасыл көпір" Бағдарламасыныӊ бұдан әрі дамыту мәселелері қарастырылады. Конференция барысында қазіргі таӊда жасыл экономика бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар және халықаралық тәжірибені ескере отырып, жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ жасыл технологиялардыӊ трансферті мәселелері көтеріледі.

"Біз, Астананыӊ күн, жел, биогаз, теӊіз және термаль суларын пайдалану саласындағы әлемдік озық әзірлемелерді және трендтерді көрсететін тиімді алаӊға айналатынына сенеміз. Бұл жерде дәстүрлі және баламалы энергияны шығару және пайдалану саласындағы еӊ жақсы деген "ноу-хау", озық және болашағы бар жобалар көрсетіледі. Көрме алаӊын Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы Жасыл технологиялардыӊ халықаралық орталығына тапсыру орынды деп санаймыз", - деді өз баяндамасында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ, бірінші панельдік сессиядан кейін Жасыл көпір серіктестік бағдарламасыныӊ хартиясына бес үкіметтік емес ұйымныӊ қол қою рәсімі өтеді.

Конференция шеӊберінде жасыл экономикада қолданылатын стандарттар және инвестиция тарту сияқты мәселелер талқыланатын "Жасыл бизнесті экономикалық ынталандыру және қолдау" тақырыбындағы дөӊгелек үстел отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Конференцияға халықаралық ұйымдардыӊ, мемлекеттік органдардыӊ, ҚР Парламент депутаттарыныӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ, академиялық институттардыӊ, бизнес-құрылымдарыныӊ және басқа да мүдделі тараптардыӊ өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны