23.02.2012, 11:21 3423

Астанада "Жасөспірім" шұғыл-алдын алу шаралары өткізілуде

Биылғы жылдың 23 ақпанынан бастап елорда аумағында қалалық ішкі істер департаменті "Жасөспірім" шұғыл-алдын алу шараларын өткізуде.

Астана. 23-ақпан. Kazakhstan Today - Астанада "Жасөспірім" шұғыл-алдын алу шаралары өткізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылдың 23 ақпанынан бастап елорда аумағында қалалық ішкі істер департаменті "Жасөспірім" шұғыл-алдын алу шараларын өткізуде.

"23-нен 25 ақпанға дейін 3 күн бойы Астана қаласы ішкі істер департаментінің кәмелетке жасы толмағандар бөлімінің инспекторлары жасөспірімдерге алкоголь ішімдіктерін, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау мақсатында, сонымен қатар кәмелетке жасы толмағандардың ойын-сауық орындарында, түнгі мезгілде тұрғын үйден басқа жерлерде заңды өкілдернің бірге жүруінсіз болу фактілерін анықтайды", - делінген таратылған ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны